274
Оларда сөйлеу тілінің жетілмеуі өз бетінше жойылуы да мүмкін. Түзету
жеңіл түрде өтуі де мүмкін, негізінен сөйлеу тілінің дыбыстық жағына
қатысты болады. СТТ балалармен логопедиялық сабақтарды ерте бастаған
жағдайда мектепке барғанда баланың сөйлеу тілінің жеткіліксіздіктері
толық
түзелуі
әбден
мүмкін.
Ерте балалар аутизмі
(ЕБА) дегеніміз - баланың қоршаған ортамен
эмоциональді қарым-қатынасының қалыптасуы бұзылған, психикалық
дамудың ерекше аномалиясы. Аутизмде, оның ерте кезеңдерінде, сөйлеу тілі
қалыпты дамиды, бала сөйлеу тілінің даму қарқыны бойынша кейде өзінің
сау құрдастарының алдында болуы да мүмкін. Кейіннен, 1,5-2 жас
шамасында ол қасиетінен айырылып, қоршаған адамдармен сөйлеспей
қойып, кейде түсінде өз-өзімен сөйлесіп жатуы мүмкін. Сөйлеу тілін
жоғалтқанда бала ым-ишара және имитация жасау білігінен де айырылады.
Аутизмі бар бала, айтылған сөзді ұққанымен, қарапайым нұсқауларды
орындамайды. ЕБА бар балаға сөйлеу арқылы қатынас жасаудың шұғыл
түрде шектеле қалуы, кейде мутизмге дейін күрделі болуы, сөйлеу тілінің
лексика-грамматикалық жағының дамымауы, фонетикалық бұзылыстармен
сөз, сөйлем соңындағы жоғары тональділіктегі дауыстың бұзылуы, өзін көп
уақытқа дейін екінші, үшінші жақтан атауы, белсенді сөз қорында баланың
туыс адамдарын білдіретін сөздердің жоқ болуы тән. Кейбір жағдайларда,
аутизммен қатар ЖСТД немесе алалия болуы мүмкін. Бұл формалар әсіресе
сөйлеу тілін дамытуда өте қолайсыз, себебі, олар бірін-бірі күрделендіреді.
Жалған алалия синдромы
церебральды сал ауруы (параличі) бар
балаларға тән болып келеді. Алалия балалар церебральді сал ауруында
(параличінде) кездеседі, әсіресе, жүре пайда болған оң жақ гемиплегияда.
Жалған алалия синдромы
церебральді сал ауруы (параличі) бар балаларда
кездесіп, сөйлеу тілінің қалыптасу қарқынының тежелуі түріндегі белгісінде
болуы мүмкін. Бұл жерде қимыл-қозғалыс жеткіліксіздігінің интеллект
зақымдануымен бірге болуы, іс-әрекетінің бұзылуы, мотивацияның бұзылуы,
соматикалық әлсіздігі сөйлеу тілінің дамуына кері әсер ететін факторлар
болады. Жалған алалия синдромының құрылымында ең алдымен, сөйлеу
тілінің экспрессивті жағының қалыптасуының бұзылуы - сөйлеу тілінің
фонетикалық және лексикалық-грамматикалық жақтарының дамуы тежелуі,
сөйлеуге деген негативизм, қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар,
фонематикалық естудің бұзылыстары көрініс табады. Моторлы алалиямен
салыстырғанда, жалған алалия синдромы полиморфты және тұрақты сипатқа
ие, жалған алалия синдромдары түзетуге келеді. Жалған алалия синдромы,
қабықша
сөйлеу аяларының зақымдануымен байланысты емес, керісінше,
олардың функциональды жағының жеткіліксіздігіне, әлсіздігіне қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: