285
Сенсорлы афазияның өрескел жағдайында қалпына келтіру
жұмысының бас кезінде сөзсіз формалары пайдаланылады. Бұл жұмыстың
негізгі мақсаты – науқаспен қарым-қатынас орнату, ауыру жайында
түсіндіру, науқастың оқу әрекетін ұйымдастыру (шамасына лайық
тапсырмаларды орындау), зейін қоюын арттыру.
Суретке қатысты қысқа сөздерді көшіріп жазып, жеңіл есептерді
шығару тапсырмалары қолданылады. Көбінесе науқас көшіріп жазуға бірден
кіріседі, бірақ көру есінде сөздің бірінші әріпін ғана сақтап қалады. Содан
кейін жазып жатқан сөзге қатысы жоқ бірқатар әріптердің жинағын жазады.
Науқасқа қатесін көрсетіп, әр әріпті тор көздерге бөліп отырып, көшіріп
жазу түрі ұсынылады. Тапсырманы орындау барысында науқас өз ауыруын
жартылай сезе бастайды және қатты қайғырады. Кейін логопедтің барлық
тапсырмаларын ұқыпты орындайды. Науқаспен жүргізілетін сөзсіз кезеңдегі
жұмыс бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Фонематикалық қабылдауын қалпына келтіру жұмысы келесі
кезеңдерден турады:
Достарыңызбен бөлісу: