298
Сөздің
буындық
құрамының
шығу
бөлігінде
патологиялық
енжарлығын жеңу, тіл сезімін қалпына келтіру, сөзді таңдау енжарлығын,
аграмматизмдерін жою, ауызша және жазбаша сөйлеуінің құрылымын
қалпына келтіру, алексия мен аграфияны жою – эфферентті моторлы
афазияда түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі міндеттері болып
табылады. «Алдыңғы» эфферентті моторлы және динамикалық афазияда
жұмыс сақтаулы парадигматикалық жүйеге және логопедтің сырттан енгізген
сөйлеудің бағдарламасы мен үлгісіне сүйене отырып жүргізіледі. Жұмыс
сөздің буындық құрамын бағдарламалау мен жоспарлаудан басталып, фраза
және мәтінді жоспарлауын қалпына келтірумен аяқталады.
Дәл осындай, сырттан енгізген сөздің буындық құрамын және фразаларды
бағдарламалайтын құралдар (үлгілер, жоспарлар, бағдарламалар) эфферентті
афазиясы бар науқастардың бір буыннан немесе сөзден екіншісіне ауысу
қиындығын жеңуге, сөйлеу тілінің кинетикалық әуенін қалпына келтіруге,
персеверацияларын, эхолалиясын жеңуге мүмкіндік береді.
Эфферентті моторлы афазияда сөйлеу тілінің дыбыс айтуының
бұзылуын түзету жұмысы сөздің ырғақты-буындық үлгісін, оның
кинетикалық әуенін қалпына келтіруден басталады.
Оқуы мен жазуы күрделі бұзылған жағдайда түзету жұмысы дыбысты
буынға қосудан басталады. Науқас буынды қайталай отырып, оны кеспе
әліппедегі әріптерден құрастырады. Содан кейін сөздің буындық құрамын
ырғақпен қол шапалақтай отырып, сонымен қатар сөздің үлгісіне сүйене
отырып, менгерген буындардан жеңіл сөздер құрастырады:
Достарыңызбен бөлісу: