296
Сөйлеу тілінің ситуативті диалог түрі пайда болғанына қарай тілдің
монолог түрін қалпына келтіру жұмысы басталады. Бұл кезде негізгі мақсат
науқастың сөздік қорын молайту, аграмматизмдерден сақтандыру, толық
ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту, еркін диалогтік сөзге дайындау.
Науқасты сөздің дыбыстық-буындық талдауы қалпына келуіне қарай сурет
бойынша фразаларды ауызша құруынан жазбашаға ауыстырады. Бұл
науқастың жетістіктерін білдіреді. Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеуін
қалпына келірудің сүйеніші болады. Оқу мен жазуын қалпына келтіруде көру
диктанттардың маңызы зор.
Афферентті моторлы афазияда сөз құрамын талдауын қалпына келтіру
үшін кеспелі әліппе, сөз және фраза ішінде тастап кеткен әріптерді жазу
пайдаланылады. Афазияның бұл түрінде артикуляциялық бұзылыстарды
жою өте күрделі, ұзақ мерзімді процесс (үш айдан бір жылға дейін). Дыбыс
айтуының бұзылуы афферентті моторлы афазияның ауырлығының орташа
және жеңіл дәрежесінде де сақталады.
Афферентті моторлы афазияның ауырлығының орташа дәрежесінде
аграфия мен аграмматиздерді жоюға ерекше көңіл бөлінеді. Науқасқа есту,
көру диктанттары ұсынылады. Дауыссыз дыбыстардың тоғысуы кездесетін
сөздерге, сөзде тастап кеткен буындарды, сөйлем ішінде тастап кеткен
сөздерді коюға аса назар аударылады. Аграмматиздерді түзетуде көмекші
сөздердің, зат есімнің жалғауларының үлгілері (схемасы) пайдаланылады.
Афферентті моторлы афазияның жеңіл дәрежесінде аффрикаттарды,
дауыссыз дыбыстардың тоғысуын, Р дыбысын айтуындағы артикуляторлы
қиындықтары түзетіледі. Науқастың өз сөйлеуін есту бойынша бақылауы
бекітіледі, біртіндеп мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айту, оқыған
әңгімелердің мазмұнын айту беру, сюжетті сурет бойынша әңгімелеп беру
арқылы сөзінің қарқыны жылдамтылады. Науқас сурет бойынша мәтін
құрастырып, ашық хат толтырып, жазады. Экспрессивті сөйлеуінің ауыр
түрде бұзылуында фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіруіне,
кеңістікте бағдарлауына, антоним, синонимдерді түсінуіне аса назар
аударылады.
Соңғы кезеңдерінде, оқу мен жазуға сүйенуге мүмкіндік болғанда,
импрессивті аграмматизмді жоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: