283
М. Шкловский, Т. Г. Визель). Бірінші (өрескел) деңгейі сөзді түсіну
көлемінің күрт шектелуімен сипатталады. Екінші (орташа) деңгейі ситуативті
сөзді жалпы түсінуімен сипатталады. Бұл жағдайда ситуативсыз сөздің
күрделі түрлерін түсінуі қиын болады. Үшінші (жеңіл) деңгейінде сөзді
біршама еркін түсінуі байқалады. Дегенмен, реттілікпен логикалық
операциялар істеуді қажет ететін толық мәтіндерді қабылдау кезінде белгілі
қиындықтар туындайды. Кейбір жағдайда мидың самай бөліктерінің екеуінің
(сол және оң) бірдей зақымдалуынан ауыр акустика-гностикалық афазия
акустикалық агнозиямен үйлескен болады. Фонематикалық естудің
бұзылуымен қатар есту арқылы дауыстың тембрі, сөз ырғақтылығы
бұзылады, сөзсіз дыбыстар ажыратылмайды: жапырақтардың сыбдыры,
машинаның дауысы, т.б.
Акустикалық-гностикалық афазияда спонтанды сөйлеу тілінің үш
деңгейін ажыратады. Бірінші (өрескел) деңгейінде спонтанды сөйлеу тілі
кездейсоқ дыбыстардың, буындардың, сөз тіркестердың құрамасынан
тұрады. Бұл «жаргонафазия», «сөз окрошкасы» немесе «сөздік салат» деп
аталатын
болды.
Өзін-өзі
бақылау
деген
мүлдем
байқалмайды.
Жаргонофразия әдетте 1,5-2 айға дейін созылады, кейін логорея (көп сөйлеу)
орын алады. Екінші (орташа) деңгейі литеральді және вербальді
парафазиялармен, логорея элементтерімен сипатталады. Сөйлеу жылдам
болады, бірақ сөз ішінде және сөздер арасында кідірістер байқалады. Бұл
науқастың өзін-өзі бақылауға әрекетенетінін білдіреді. Сөйлеудің лексикалық
құрамында әр түрлі сөз таптары кездеседі, бірақ етістік, есімдік, одағайлар
басым болады. Үшінші (жеңіл) деңгейі сөйлеу тілінің қалыптасуының кеш
кезеңдеріне тән, сөйлеу тілі айтарлықтай толық, лексикалық құрамы және
синтаксистік құрылымы бойынша алуан түрлі. Көмекші сөз таптары
атаушыларға қарағанда басым болады. Дыбыс айтуында қиыншылықтар
кездеспейді. Сөйлеу кейбір кезде «таңырқатқыш», «мәнерлі» стилистикалық
түрде болады. Фонематикалық есту қабілетінің бұзылуынан сөз қайталауы
екінші ретте зақымдалады. Сөз қайталаудың бұзылыстарының әр түрлі
нұсқалары кездеседі. Өрескел түрінде жақсы таныс сөздер көптеген
бұзылыстармен айтылуы мүмкін. Орташа түрінде акустикалық ұқсас
дыбыстар алмастырылып айтылады. Фразаларды қайталау кезде сөйлемнің
ұзындығы, оның синтаксистік және просодикалық «суреті» сақтаулы болып
келеді, бірақ лексикалық құрамының өрескел бұзылыстары байқалады. Жеңіл
түрі қайта қалыптастырылған спонтанды сөйлеу тіліне шамамен сай келуімен
сипатталады. Күрделі сөз конструкцияларында парафазиялар орын алады.
Өрескел түрінде қойылған сұрақтарды түсінбеуінің салдарынан
Достарыңызбен бөлісу: