Грек тілінен аударғанда «сөздік қор» деген мағынаны береді. Тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамын(жалпы қоданылатын сөз,қолдану аясы шектеулі сөз) және сөздің лексикалық мағынасын зерттейді.
Лексикография (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Сөздіктердің ғылыми әдістемесін жасайды
Әр түлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады.
Свейн Тарп: «Лингвистиканың пәндік саласы - тіл , ал лексикографияның пәндік саласы сөздіктер және тұтастай лексикографиялық жұмыстар болып табылады» («Beyond Лексикография «, 2009 ж.).
Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми түрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-катынаста болатын егіз ғылым.
Лексикология
Лексикология – тілдің лексикасын(сөздік қор мен сөздік құрам) және оның тарихын, дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.
Грек тілінен аударғанда лексикос – сөз, сөзге қатысты, логос – ілім.
Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамы құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады
Лексикология тарихи (диахрониялыќ) лексикология және сипаттама (синхрониялыќ) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік ќұрамы шығуы замандар бойында ќалыптасуы және дамуы, лексиканы ќұрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттеледі. Ал сипаттама немесе синхрониялыќ лексикологияда, мысалы "Ќазіргі орыс тілі, "Ќазіргі ағылшын тілі", "Ќазіргі ќазаќ тілі" атты пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы ќалпы, сөздің мағыналыќ ќұрылымы, лексиканы ќұрастырушы арналар мен ќат-абаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік ќұрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалыќ жаќтан дифференциялануы сөздердің ќолданылу аясы, мағыналардың ќарым-ќатынасына ќарай сөздердің топтасуы және тағы басќа мәселелер ќарастырылады.
Лексикология салалары:
Семасиология
Сөздің мағыналарын зерттейтін сала
Фразеология
Диалектология
Лексикография
Этимология
Ономастика
Тұрақты тіркестерді зерттейтін сала
Диалектілер, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала
Сөздіктер жасау ж/е оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала
Жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, өзгреуін,дамуын зерттейді
Сөздің мағыналарын зерттейтін сала
Сөздік дегеніміз
Жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы;
Тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы; сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Алайда компьютер мен интернеттің пайда болуымен электронды сөздіктердің басымдылығы айқын болып келеді.
әрбір сөз үшін берілетін сөзбен алфавиттік сөздердің тізімін қамтитын анықтамалық немесе онлайн-ресурс.
Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік (полный словарь) деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуіріндегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік (неполный словарь) деп аталады.
« Сөздіктер - бұл қолданыстағы заңдылықтар, бірақ қазірдің өзінде қолданыстағы сөздердің депозитариясы. (Томас Джефферсон, Джон Адамсқа хат, 1820 жылғы 15 тамыз)
Сөздіктің түрлері Сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік
Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.
Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік.