280
зерттеу (УДДГ) кеңінен тарады. УДДГ әдісі тамырлардың бұралаңдығын,
олардың ішіндегі склеротикалық түйіндердің, түйіндердің көлемі мен
орналасу орнын анықтауға мүмкіндік береді. Бас миының компьютерлік
томографиясы (КТ) ісіктерді алдын ала анықтауға көмектеседі. Ерте
анықталған патология инсультті болдырмауға мүмкіндік береді.
Бас мидың жарақаттануының салдарынан пайда болған афазия мидың
ошақтық зақымымен тығыз байланысты болады. Мұндай жағдайда афазияға
жақсы қайта даму тән болады, өйткені әдетте бас ми жарақаттары мидың қан
тамырлары сақталған және компенсаторлы мүмкіндіктері зор келетін
жастарда кездеседі. Балалар афазиясы сирек кездеседі. Балалар афазиясы мен
ересектер афазиясының ұқсастығы мынандай: екеуінде де қалыптасқан
сөйлеу тілінің ыдырауы; бұзылыстың пайда болу себептерінің ұқсас болуы
(жарақаттар, қабыну процестері, мидың ісіктері), балаларда өте сирек
кездесетін тек мидың қан айналымының бұзылуынан (инсульт) басқа; екі
жағдайдада ерте дамуы қалыпты өтеді; мектеп жасындағы балаларда
афазияның клиникалық белгілері ересектермен бірдей болады. Балалар
афазиясы мен ересектер афазиясының айырмашылығы келесіде: балаларда ең
күрделі афатикалық синдромдар кері дамытуға тез беріледі; мектеп жасына
дейінгі балаларда сөйлеу тілі тиісті деңгейге жетпегінен ересектерде
кездесетін афазияның алуан түрлерінің кездесуі мүмкін емес. Балалар
афазиясының ересектер афазиясымен ұқсастығы келесі: сөйлеу тілінің
барлық комтоненттерінің бұзылуы; сөйлеудің функцияналды жүйесінің және
сонымен байланысты психикалық процестерінің жалпы жетілмеуі;
логопедиялық жұмыс сипаты.
Достарыңызбен бөлісу: