277
Екінші кезең.
ХХ ғасырдың 40-жылдары афазиологияның қарқынды
дамыған кезі болатын. Физиология, психология, неврология, нейрохирургия
және т.б. ғалымдардың қарқынды дамуы жаңа ғылымның, яғни
нейропсихологияның ашылуына ықпал етті. Бұл ғылым афазия жөнінде
ілімнің дамуының негізін қалады. Афазия туралы жаңа ілімнің негізін
қалаған А. Р. Лурия еді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген осы
бұзылыстың классификациясының авторы да А. Р. Лурия.
Үшінші кезең,
А. Р. Лурияның ұйғарымы бойынша - болашақтың ісі.
Афазия
жөнінде
зерттеулер
жалғастырылды
және
қазіргі
кезде
жалғастырылуда (Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова, Т. Г. Визель, П. А. Овчарова,
В. В. Оппель, Е. Н. Правдина-Винарская, В. М. Шкловский және т.б.). Соңғы
жылдары ғалымдар жартышарлар ассиметриясы мәселесіне қызығушылық
тантып отыр, нақты айтсақ, сөйлеу тілінің оң жартышармен өзара байланысы
туралы және оның ырғақ-әуезділігін іске асыруда оң жартышардың рөлі
көрсетілген.
Афазияның себептері
Сөйлеу тілі қалыптасып болған кезеңде бас мидың сөйлеу жүйелерінің
әр түрлі органикалық зақымдалуға ұшырауы афазияның пайда болуына себеп
болады: бас ми жарақаттары, мидың қабынуы, ісіктері, тамыр ауырулары
және мидағы қан айналымының бұзылуы (инсульт). Афазияда ми
қыртысының жартышарының маңдай, төбе, самай және желке бөліктерінде
зақымдалу байқалады. Афазияның түрі, ауытқу күрделілігі және сипаты
зақымдалған ошақтың көлемі мен оқшалануына; мидың қан айналымының
бұзылуына; орын басу міндетін атқаратын мидың зақымдалмаған
бөліктеріне тәуелді болады. Афазияның сипатына, пайда болуына және кері
дамуына әр түрлі патологиялық процестер ықпал етеді. Мұны афазиялық
зақымды талдау барысында ескерген жөн. Әр этиологиялық фактор
дамуының өз ерекшеліктеріне ие. Сондықтан негізгі ауытқудың ағымының
әр түрлі кезеңінде афазияның синдромы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ми
ісігінің ұлғаюынан пайда болған афазияның симптомдары әртүрлі, жиі ми
қыртысы симптомдары байқалады. Бұл мидың ошақтық зақымдалуының
салдарынан афазияға тән емес интеллектуалды-мнестикалық процестерінің
бұзылыстарына және психикасының басқа да өзгерістеріне әкелуі мүмкін.
Қан тамырының ауырулары кезінде инсульттің сипатына (ишемиялық немесе
геморогиялық), атеросклеротикалық процесінің таралуына қарай афазия әр
түрлі бол болады.
Геморрагиялық инсульт деп
Достарыңызбен бөлісу: