Афазия себептері



бет1/2
Дата16.12.2022
өлшемі21,81 Kb.
#163003
  1   2
Байланысты:
Документ (4)


  1. Афазия себептері

Афазия (грекше “а”-теріс мағыналы қосымша, “phasis”-айту) - сөздің бұзылуы, есту және артикуляциялық аппаратының қызметінің сақталуы кезіндегі тіл құралымының толық немесе жарым-жартылай қолдану мүмкіндігін жоғалтуы. Афазия дегеніміз бас мидың органикалық бұзылуының салдарынан сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Сөйлеу тілі қалыптасып болған кезеңде бас мидың сөйлеу жүйелерінің әр түрлі органикалық зақымдалуға ұшырауы афазияның пайда болуына себеп болады: бас ми жарақаттары, мидың қабынуы, ісіктері, тамыр ауырулары және мидағы қан айналымының бұзылуы (инсульт). Афазияда ми қыртысының жартышарының маңдай, төбе, самай және желке бөліктерінде зақымдалу байқалады. Афазияның түрі, ауытқу күрделілігі және сипаты зақымдалған ошақтың көлемі мен оқшалануына; мидың қан айналымының бұзылуына; орын басу міндетін атқаратын мидың зақымдалмаған бөліктеріне тәуелді болады.

  1. Афазия жіктелімі

Көпшілік мақұлдаған әрі көп таралған А Р. Лурияның (1947, 1962) нейропсихологиялық жіктелімі қолданыста жүр. Бұл жіктелім бойынша афазияның алты түрі (формасы) ажыратылады:
1. Акустикалық-гностикалық (сенсорлы); 2. Акустикалық-мнестикалық; 3. Семантикалық; 4. Афферентті моторлы;
5. Эфферентті моторлы; 6. Динамикалық.

  1. Афазияны түзету жұмыстарының бағыттары

Афазияны жоюға арналған логопедиялық жұмыста жалпы дидактикалық қағидалар қолданылады. Бірақ, сөйлеу қызметін қалпына келтіру қалыптастыру оқытудан өзгеше болуына байланысты, ауызша сөйлеген және жазып отырған адамның жоғары ми қабығының қызметі жаңадан сөйлеп келе жатқан балалаға қарағанда, өзгеше ұйымдастырылғандықтан, түзету-педагогикалық жұмысты жоспарлаған кезде келесі жағдайларды ескерген жөн: 1. Науқасты тексеру аяқталған соң, логопед инсульт немесе бас миының жарақатының салдарынан мидың екінші немесе үшінші «функционалды бөлігінің» қай аймағы зақымдалғанын, қай аймақтары сақтаулы екенін анықтайды: афазияға шалдыққан адамдардың көбінде оң жақ жартышарының қызметі сақтаулы болады; 2. Түзету-педагогикалық жұмыстың әдіс-тәсілдері сөйлеу қызметінің қайта қалпына келтіру кезеңіне тәуелді болады. Афазияның барлық түрлерінде логопедиялық жұмыс жүйелі түрде 2-3 жыл жүргізіледі. 3. Афазияның кез келген түрінде сөйлеу тілінің барлық компоненттерін экспрессивті сөйлеу тілі, түсінуі, жазу мен оқуы сияқты түзету жұмысы жүргізіледі.
4. Афазияның барлық түрінде сөйлеу тілінің қатынас қызметі қайта қалыптастырылады, өзін-өзі бақылау дамытылады.
5. Афазияның барлық түрлерінде сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі сөз тіркестеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.
6. Түзету жұмысының барысында әр түрлі сыртқы сүйеніштерді жан- жақты қолданады. Мұндай сүйеніштерге динамикалық афазияда өздігінен толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлеуінің үлгісі және текше әдісі жатады.

  1. Акустикалық гностикалық сенсорлы афазияны түзету

Акустикалық-гностикалық сенсорлы және акустикалық-мнестикалық афазияда науқастың жұмыс істеуге деген жоғары қабілеттілігі байқалады және сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге белсенді ұмтылады. Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияда түзету – педагогикалық жұмыстың міндеті фонематикалық есту қабілетін және оқу мен жазуының, экспрессивті сөйлеу тілінің екінші реттік бұзылуларын қалпына келтіру болып табылады. Логопед сақтаулы анализаторлардың оптикалық және кинетикалық жүйесіне және маңдай бөліктерінің қызметіне сүйенеді. Бұлар – бұзылған акустикалық-гностикалық функцияларының компесаторлы қайта құрылуының алғы шарттары.

  1. Акустикалық мнестикалық афазияны түзету жолдары

Акустикалық-мнестикалық афазияны түзету-педагогикалық жұмысының негізгі міндеттері – есту-сөйлеу есінің бұзылуын жою, заттың негізгі белгілері туралы көру елестерін қалпына келтіру, сонымен қатар экспрессивті аграмматизмдер элеметтерін және амнестикалық қиындықтарын жою.Нейропсихологиялық тексеру барысында акустикалық-мнестикалық афазияның нұсқасы анықталып, түзету-педагогикалық жұмыстың бағдарламасы құрылады. Акустикалық-мнестикалық афазия кезіндегі бұзылыстарды түзетуде логопед сөйлеудің түпкі ойын кодылау (), заттың белгілерін сипаттау, сөзді әр түрлі контекске еңгізу, науқасқа есту-сөйлеу жүктемесінің әр түрлі көлемін сақтауға мүмкіндік беретін сыртқы сүйеніштерін құру механизмі пайдаланылады. Есту-сөйлеу есін қалпына келтіру, көріп-қабылдауына сүйене отырып қалпына келтіріледі.

  1. Дауыс бұзылуының түрлері

Дауыстың бұзылуы – дауыс аппаратының патологиялық өзгерістеріне байланысты фонацияның бұзылуы немесе мүлдем болмауы. Дауыс патологиясын негізгі екі терминмен атайды: афония (грекше «а» - теріс мағыналы қосымша, «phone» - дауыс) – сыбырлап сөйлеу сақталғанның өзінде де дауыстап және қатты сөйлеуге қабілетсіздік. Дисфония («dis» - бұзылу, «phone» - дауыс) – жарым-жартылай дауыс бұзылуы, осы кезде афониядан айырмашылығы дыбыс шығаруы сақталынып, бірақ ерекше тембр, әлсіздік немесе үзілмелілікпен сипатталады. Фонопедия — арнайы жаттығулар арқылы көмейдің жүйке-бұлшық ет аппаратын белсендендіруге және координациялауға, тыныс алуын және тұлғасын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал кешені. Бұл дауыс шығарудың физиологиясына, логопедияның негізгі дидактикалық және методологиялық қағидаларына негізделген педагогикалық процесс.

  1. Дауыстың акустикалық негіздері

Дауыс – бұл өзінің күрделілігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты емес адам көмейінен шығатын кез келген дыбыс. Дауыс генераторлық бөлім ретінде қызмет ететін көмейде пайда болады. Үн дыбысы – қалыңдай түскен толқын және тітіркендіріш түрінде жайылатын ауа бөлшектерінің тербелісі. Дауыстың жоғарылығы - есту мүшелерінің тербелгіш қозғалыстарының жиілігін субъективті түрде қабылдауы. Ауа тербелісі неғұрлым жиі болса, солғұрлым дыбыс жоғары болып шығады. Дауыстың жоғарлығының сапасы дауыс перделерінің бір секунд үшінде түсетін тербеліс жиілігіне байланысты болады. Негізгі үн (тон) жиілігі герцпен өлшенеді. Жай сөйлеу тілінде еркектерде 85-тен 120 Гц-ке дейін, ал әйелдерде 160-тан 340 Гц-ге дейін өзгереді. Негізгі үннің өзгерістері сөйлеу тілінің мәнерлігіне әсер етеді. Дауыстың күші,қуаты дауыс шымылдығының діріл қарқынына байланысты болады. Децибеллмен өлшенеді. Дауыс перделерінің діріл қарқыны неғұрлым көп болса, солғұрлым дауыс күшті шығады. Дыбыс тембрі немесе дыбыс ренкі дауыстың сапасының маңызды сипаты болып табылады. Ол күрделі дыбыстардың акустикалық құрамын көрсетеді және тербеліс күші мен жиілігіне тәуелді болады. Дауыс үшін ең маңызды болып оны шығару тәсілі – «дыбыс шабуылы» деп аталатын тәсіл. Дауыс шығарудың үш түрін ажыратады: 1) алғашқыда жеңіл дем шығару, кейін дауыс перделері қабысып, тербеліске түседі. Дауыс болмашы шудан кейін естіледі. Бұндай тәсіл «қырылдақ (көмей) шабуыл» деп аталады; 2) дауыс перделерінің қабысуы мен дем шығару кезі қатар келеді. Бұл дыбыстың «жұмсақ шабуылы»; 3) алғашқыда дауыс перделері қабысып, содан кейін оларды тербеліске түсіріп дем шығарылады. Бұл түрі «қатты шабуыл» деп аталады.

  1. Дауыс аппаратының қалыптасуы мен қызметінің биологиялық негіздері

Дауыс өмір әрекетінің интегралды биоәлеуметтік өнімі ретінде адамның биологиялық дамуының кезеңдерімен тығыз байланысты. Бұл категоряларды сәйкестендіре отырып, дауыс функциясының дамуында жеті кезең ажыратуға болады: - мектепке дейінгі (туылғаннан жеті жасқа дейін) кезең. Бұл кезең үшінде нәрестелік, ерте жас (3 жасқа дейін), мектепке дейінгі ересек жас кезеңі деп бөлінеді; - мутацияға дейін (жеті жастан он үш жасқа дейін) кезеңі; - мутация кезеңі (13 жастан 15 жасқа дейін); мутациядан кейінгі (15-тен 17-ге дейін) кезең; қарастырып отырған қызмет пен адам организмінің қалыптасу кезеңі (18 ден 35 жасқа дейін); - сенімді қызмет атқару кезеңі (35-тен 60 жасқа дейін); басылу кезеңі – кәрілік дауыс (60 жастан кейін). Дауыстың дамуында қиын-қыстау кезеңі – нәрестелік, мутация және басылу кезеңі болып есептеледі.

  1. Дауыс бұзылу себептері, механизмі және классифткациясы

Ю. С. Василенконың (1983) мәліметтерібойынша он мың қала тұрғындарыныңүшінде 60 дауыс аппаратының созылмалыауырулары бар адамдар екен,ал дауысқажәне сөзге қатысы бар мамандар дауысыбұзылған адамдардың 3040% құрайды.  Әсіресе дауыстың бұзылуы мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында жиі кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет