305
Дауыс өмір әрекетінің интегралды биоәлеуметтік өнімі ретінде
адамның биологиялық дамуының кезеңдерімен тығыз байланысты. Бұл
категоряларды
сәйкестендіре отырып, дауыс функциясының дамуында жеті
кезең ажыратуға болады:
- мектепке дейінгі (туылғаннан жеті жасқа дейін) кезең. Бұл кезең
үшінде нәрестелік, ерте жас (3 жасқа дейін),
мектепке дейінгі ересек жас
кезеңі деп бөлінеді;
- мутацияға дейін (жеті жастан он үш жасқа дейін) кезеңі;
- мутация кезеңі (13 жастан 15 жасқа дейін);
- мутациядан кейінгі (15-тен 17-ге дейін) кезең;
- қарастырып отырған қызмет пен адам организмінің қалыптасу кезеңі
(18 ден 35 жасқа дейін);
- сенімді қызмет атқару кезеңі (35-тен 60 жасқа дейін);
- басылу кезеңі – кәрілік дауыс (60 жастан кейін).
Дауыстың дамуында қиын-қыстау кезеңі – нәрестелік, мутация және
басылу кезеңі болып есептеледі.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде
дауыс аппараты үшін нәрестелік шақ
қиын-қыстау кезеңі болып табылады. Сәбидің айқайы – алғашқы автономдық
тыныс алудың маңызды белгісі деп білеміз. Айқай – адам затына өмірмен
берілген түпті рефлекторлы-шарттсыз актісі. Бұның іске асуына жүйке,
тыныс алу, эндокринды жүйелері қатысады. Ауыру сезгіш, температуралық,
тактильді қоздырғыштардың және қанда көмірқышқыл газының артылуынан
тыныс алу орталығының қызынуы пайда болады,
өкпе ашылып, дауыс
перделері алғаш рет қабысады.
Сәбидің дауыс жиілігі орташа есеппен 425 Гц құрайды. Дауысының
тембрі жоқ, сондықтан есту арқылы сәбидің жынысын ажыратуға мүмкін
емес.
Сәбилік шақта (туылғаннан 28 күнге дейін) көмейдін жүйке-бұлшық ет
аппаратының
жетік
дамымауынан
және
тыныс
алуының
тұрақтылықсыздығынан айқай интонациясын өзгерту мүмкіндіктері
шектеулі болады. Балалрда тұрақты интонацияларын өзгерту қабілеті 2-3
айынан қалыптаса бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың фонациясы
көмей бұлшық еттерінің әлсіздігінен дауыс перделерінің шеттерінің
керілуінің нәтижесінде мүмкін болады. Дыбыстауының диапазоны 5-6
нотаны құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: