382
жүгіруге, қыс - қысқа, қашытыққа – қашықтыққа және т.б. әріпті тастап кету
сөздің ортасында, аяғында да кездесіп отырады.
Төртінші сынып оқушыларының арасында сөзді тастап кету қатесі 20,2
% құрайды. Жат жазуында сөйлемдер ішінде сөзді тастап кеткен жағдайлар
кездеседі. Мысалы, «Алда тегзі жатты. – Алда тегіс жол жатыр». «Олр
жуғары сыныпт. –Олар жоғары сыныпта оқиды». «Женлы денелері жекдйы. –
Жеңіл денелері қалықтап келе жатқандай». Бұл сөйлемде мына сөздерді
тастап кеткен: жол, оқиды, қалықтап, келе. Ондай қателердің жиі кездесуінің
себебі оқушыларда жат жазу дағдыларының толық қалыптаспауы және естіп,
ойда сақтау қабілеттерінің дамымағандығымен байланыстыруға болады.
Төртінші-алтыншы сыныптарда оқушылардың жазуында кейбір қателер
дауыстылар мен дауыссыз дыбыстардың алмастырылуы жиі кездесетіні
байқалады. Дауыссыз дыбыстардың ішінде қатаң және ұяң «п-б», «к-г», «қ-
ғ», «с-з, «ш-ж», «н-ң»» жиі алмастырылады. Ал дауысты дыбыстардан «ү-і»,
«а-о», «ы-а», «ұ-ү», әсіресе 6-шы сынып оқушыларында жиі кездесетін
алмастырулар: «ү-ұ» (мысалы, ұзын-үзын), «ү-і «(мысалы, үрілеу -ірілеу), «о-
а» (мысалы болғын-балғын) байқалады. Сонымен қатар зерттеу барысында
қателердің түрлері, жиілігі жазу жұмысының түріне байланысты екені
анықталды. Мысалы, аталған қателер өзіндік жұмыс түрлерінде жиі кездесіп
отырды.
Зияты зақымдалған оқушыларда дисграфия күрделі, кешенді болады (
тілдік талдау мен жинақтау негізіндегі дисграфия, акустикалық дисграфия,
акустикалық және артикуляциялық- аустикалық дисграфия т.б.).
Сонымен, зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілі баяу және ерекше дамып,
үлкен өзгешелігімен сипатталады, ол ақыл-ойы кем балалардың жоғарғы
жүйке жүйесінің әрекет ерекшеліктерімен, психологиялық ерекшеліктерімен
күрделенеді.
Достарыңызбен бөлісу: