387
Психикалық дамуы тежелген балалармен логопедиялық жұмысты
олардың психикалық ерекшеліктері (танымдық іс-әрекеті мен ерік-сезім
аясы) және сөйлеу тілінің дамуының бұзылыстарына тән белгілері
(сөйлеудің іс-әрекетті реттеуінің жеткіліксіздігі, іс-әрекетті вербализациялау
қиындығы, сөйлеудің жоспарлау функциясының қалыптаспауы В. И.
Лубовский, Г. И. Жаренкова) ескеріледі.
ПДТ балалармен түзету-логопедиялық жұмыс кешенді, сонымен қатар
ажырата ықпал ету сипатта жүргізіледі. Ажырата логопедиялық ықпал етуде
баланың клиникалық сипаттамасы, жеке психикалық ерекшеліктері, жұмыс
істеу қабілеті, сөйлеу тілінің бұзылу механизмі және деңгейі ескеріледі.
Түзету жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
-
талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау ойлау операцияларын дамыту;
-
көріп қабылдауын, талдауын, көріп жадында сақтауын дамыту;
-
кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру;
-
естіп қабылдауын, зейінін, естіп жадында сақтауын дамыту;
-
қолдың ұсақ және артикуляциялық моторикасының бұзылуын түзету;
-
дыбыс айтуының бұзылуын, сөздің дыбыстық-буындық құрамының
бұзылуын түзету;
-
сөз қорын дамыту (сөз қорын молайту, сөздің мағынасын анықтау,
лексикалық жүйені қалыптастыру, сөздердің арасындағы байланысты
бекіту):
-
тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесін қалыптастыру;
-
фонематикалық талдауды, жинақтауды, түсініктерін дамыту;
-
сөйлем құрылымын талдауды қалыптастыру;
-
сөйлеудің коммуникативтік, танымдық және реттеуші функциясын
дамыту.
Түзету жұмыс барысында әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: