400
күнделікті түзету сағатында күннің 2 жартысында тәрбиеші баланың
тапсырманы орындауын белгілеп отырады.
Алдын ала жоспар құрғанда логопед ескеруі керек:
1) тәрбиешілермен әңгімелесу, кеңестер жүргізуді;
2) логопедтің ересектер және мектепалды даярлық топ балаларының сөйлеу
тілін тексеруді;
3) логопедтерге, жалпы білім беру және түзету топ тәрбиешілеріне арналған
ашық логопедиялық сабақтар жүргізуді;
4) ауыр тіл кемістігі бар балаларды, басқа мамандарды шақырып
(психоневролог, тәрбиеші, музыка жетекшісі) кеңес алып тексеру;
5) педкеңестер, семинар, кеңестер, әдістемелік бірлестіктерге, жиындарға,
конференцияға қатысу;
6) ата-аналармен байланыс, жеке әңгімелесулер, ата-аналарды ұйымдастыру;
жиналыстар ашып, ата-аналардың қатысуымен балаларды мектепке шығарып
салуды ұйымдастыруды т.б.
Әр топтық сабаққа жоспар құру міндетті түрде болуы керек.
Жоспарда сабақ тақырыбын, мақсатын, құрал-жабдықтарын, жүру
барысын белгілеу керек. Тәрбиеші сабаққа қатысып, балалардың жіберген
қателерін жазып, талдап, есепке алу бағанында жазады.
Логопедпен тәрбиеші арасындағы байланыс дәптерін логопед жүргізеді.
Дәптерге логопед жеке баламен (күніне 3-6 бала) тәрбиеші түзету сағатында
орындайтын тапсырмаларды жазып қояды. Тапсырмалардың барлық түрлері
балаларға таныс болып, тәрбиешіге әбден түсіндірілуі керек. Есепке алу
бағанына тәрбиеші балалардың материалды қалай меңгергенін, кім және не
себепті қиналғанын жазып қояды.
Жыл соңында логопедтер жүргізілген жұмыстың тиімділігі жөнінде есеп
жазып, аға логопедке өткізеді, ал ол білім беру басқармасына жалпы есеп
береді.
Кейінгі уақытта жалпы білім беру балабақшаларында логопедиялық
кабинеттер ашылуда. Логопед дыбыс айтуының бұзылыстары бар балаларға
амбулаторлы қабылдау типі бойынша кеңес беру-түзету көмегін береді.
Достарыңызбен бөлісу: