I теоретические основы логопедии


Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі



Pdf көрінісі
бет211/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   249
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі 
мекемедегі логопедтің қызметі 
 
Зияты зақымдалған

балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің 


негізгі үлгісі балалар бақшасы (балалар үйі) болып табылады. Топтар жас 
ерекшеліктерін ескеріп топтастырылады: кішкентайлар тобы – 3-4 жастан – 4 
-5 жасқа дейінгі балалар; ортаңғы топ – 4-5 жастан – 5-6 жасқа дейінгі 
балалар; ересектер тобы – 5-6 жас , мектепке дейінгі – 6-7 жас. Топтағы 
балалар саны зияттың бұзылу деңгейіне байланысты емес – 10-12 адам. 
Ақыл-ойы кем мектепке дейінгі балалардың көпшілігінде күрделі 
ақаулықтары бар, сондықтан түзете оқытудың жалпы жүйесінде жүйелі 
логопедиялық жұмыс көзделеді. Ол тіл дамыту топтық сабақтарында іске 
асырылады, сабақ кестесі бойынша аптасына 2 рет әр топта (оқытудың 1-3 
жылдығында топ шағын топтарға бөлінеді, 4 жылда топтық сабақтар барлық 
балалармен өткізіледі). Жеке логопедиялық сабақтар әр баламен аптасына 3 
реттен кем емес ұйымдастырылады. 
Түзете оқыту мазмұнына дыбыстарды қою, машықтандыру, сөйлеу тілі 
әуезділігі бойынша, тыныс алу, екпінділікті дамыту бойынша, сөз қорын 
молайту, грамматикалық құрылымдарды тәжірибе жүзінде қолдану, 
байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру қосылады. Күнделікті тіл 
дамыту жұмысын арнайы мектепке дейінгі мекеменің барлық ұжымы 
жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет