403
нысаны топтық (шағын топтық) сабақтар болып табылады. Топқа бірдей
балалар таңдалып алынады.
Әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау мынандай:
1.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған ( ЖСТД) – 3-5 адам;
2.
ЖСТД-на байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар - 4-6 адам;
3.
Фонетикалық-фонематикалық жағы жетілмегендер (ФФЖ) – 3-5 адам;
4.
ФФЖ-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар - 4-6 адам;
5.
Тұтықпасы бар – 3-4 адам;
6.
Дыбысты айту кемшіліктерімен – 5-6 адам жіберіледі;
Мектепке дейінгі логопедтік пунктте жеке сабақтар сөйлеу
бұзылыстары бар барлық балалармен, мектептегі логопедтік пункттерде –
сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар ( ринолалия, дизартрия, ЖСТД 1-2
деңгейі) балалармен жүргізіледі.
Әрбір топтағы балалармен сабақтар аптасына 2-3 рет жүргізіледі.
Топтық сабақтардың ұзақтығы балалардың жастарына байланысты және
мектепке дейінгі мекемелерге байланысты құрастырылады: екінші
кішкентайлар тобында- 15-20 минут, ортаңғы топта 20-25 минут, ересектер
және мектепалды даярлық тобында 30-35 минут.
Мектепке дейінгі балаларға арналған шағын топтық сабақтардың ұзақтығы
20-30 минут, жеке сабақтардың – 15-20 минут.
Мектептегі логопедтік пункттің топтық сабақтарының ұзақтығы 40-45 минут.
Мектеп жасындағы балаларға арналған логопедиялық
пункттегі шағын
топтық сабақтардың ұзақтығы 25-30 минут; жеке сабақтардың ұзақтығы-
20-25 минут.
Түзете оқытудың ұзақтығы сөйлеу тіл бұзылыстарының күрделілігімен,
оның
құрылымына
байланысты.
Фонетикалық-фонематикалық
жетіспеушілігімен (ФФЖ ) және осы бұзылыстарға байланысты оқу мен
жазу бұзылыстары бар балалар логопедтік көмекті жарты жылдан 1 жылға
дейін алады. ЖСТД және ақаулықтарына байланысты оқу мен жазу
бұзылыстары бар балалар логопедтік пунктте бұзылыс деңгейіне байланысты
2 ден -3 жылға дейін оқиды.
Мектептегі логопедтік пунктте сабақтар
сабақтан бос сағаттарда
жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған логопедтік пунктте
сабақтар сабақтан тыс уақытта немесе «Тіл дамыту және сауат ашу»,
«Бейнелеу өнері», «Еңбек» және «Құрастыру» сабақтары кезінде
жүргізіледі.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды шығарып салу жыл бойы олардың
сөйлеу тілінің даму кемшіліктерінің түзелуіне байланысты болады.
Психофизикалық дамуын анықтау қажет болған жағдайда,
логопед
балаларды
ата-аналарының
келісімімен
дәрігер-мамандардан
(невропотологқа, психиатрға, отоларингологқа және т.б.) кеңес алуға немесе
ПМПК- ға жіберуі мүмкін.
Логопедтік сабақтардың нәтижелері сөйлеу картасында белгіленеді
және педагог-тәрбиешінің, сынып жетекшісінің және ата-аналар назарына
404
жеткізіледі. Мектепке дейінгі және мектептегі логопедтік пункттегі
сабақтарға балалардың міндетті түрде қатысуы
және қажетті талаптарды
орындау жауапкершілігі мұғалім-логопедке, мектепке дейінгі ұйымның
немесе мектептің педагогтарына және ата-аналарға (заңды өкілдеріне)
жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: