I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет206/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   249
 
 
IV ТАРАУ 
 

ҚАЗАҚСТАНДА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ 
 
Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі 
 
Қазақстанда балалар мен ересектерге логопедиялық көмек білім және 
ғылым, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері 
тұрғысынан көрсетіледі. 
Білім және ғылым министрлігі жүйесіне келесі мекемелер жатады: 
-
Мектепке дейінгі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 
білім беру мекемелері. 
-
Мектепке дейінгі көруі, естуі, зияты, тірек-қимылы бұзылған балаларға 
арналған білім беру мекемелері. 
-
Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі 
мекемелердегі арнайы топтар. 
-
Оңалту орталықтары. 
-
Арнайы мектеп-интернаттары. 
-
Арнайы балалар үйлері. 
-
Жалпы білім беру мектептеріндегі логопедиялық пункттер. 


394 
-
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері. 
-
Әлеуметтік бейімдеу еңбекпен оңалту орталықтары (ӘБЕО). 
Денсаулық сақтау жүйесінде логопедиялық көмек амбулатория
стационарлық жағдайда көрсетіледі. Балалар емханасындағы логопедиялық 
кабинеттер мен психоневрологиялық диспансерлердің негізгі міндеттері: 
сөйлеу тілі бұзылған балалармен жасөспірімдерді ерте анықтап, диспансерлік 
бақылауға алып, уақытында кеңес беріп, арнайы көмек көрсететін 
мекемелерге бағыттау болып табылады. Сонымен қатар арнайы 
логопедиялық көмек ауруханалардың психоневрологиялық, неврологиялық, 
нейрохирургиялық, отоларингологиялық бөлімдерінде ұйымдастырылады. 
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты мекемелер: 
-
Мүгедек балаларға арналған интернаттар. 
-
Психоневрологиялық интернаттар. 
-
Әлеуметтік орталықтар. 
Барлық арнайы мекемелерде логопедиялық көмекті «логопедия» мамандығы 
бойынша арнайы жоғары білімі бар мамандар көрсете алады. Ал дәрігерлер 
сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды анықтап, диспансерлік тізімге 
алып, арнайы көмекті уақытында алу үшін логопед мамандарға жібереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет