Сабақтың тақырыбы Ана. Баубек Бұлқышев



Дата31.12.2019
өлшемі30,07 Kb.
#54745
түріСабақ
«№17 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Ана. Баубек Бұлқышев




Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы Бастауыш сынып мұғалімі
Абишева Маржан Бектургановна


2015жыл


Әдебиеттік оқу, 4-сынып





Сабақтың тақырыбы

Ана. Баубек Бұлқышев






Мақсаты: Шығарманың тақырыбын ашу, оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру. Мәтінді дұрыс түсініп, оқи білуге үйрету, көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу,өз ойларын ортаға салып, айта білуге үйрету. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, қиялын, оларды шығармашылық ізденіске баулу.








  • Жұмыс нәтижесі:

  • Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіреді.

  • Алған мәліметтерін өмірде пайдалана алады.

  • Оқушының білім,білік дағдысы қалыптасады.




Сілтеме:Әдебиеттік оқу және хрестоматиясы 4-сынып



Негізгі идеясы

Ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттер туралы толық  ақпарат алуы.







Қолданылған әдістері мен тәсілдері:

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу,жұптық және топтық жұмыс.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс;

АКТ-ны қолдану

Ынтымақтастық бірлескен жұмыс; Оқу және оқыту үшін бағалау.


Ресурстар

Постер, түсті қағаздар, түсті қарандаштар.маркерлер, компьютер,интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақтың өтілетін уақыты:

45 минут



І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды үш топқа бөлу, шаттық шеңберін құру Оқушыларға жеке жұмыс парағын таратып беру.  

Психологиялық дайындық.
Сыныптас біз ұл - қыздар
Тату - тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп
Тек жақсылық ойлаймыз.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыз ба, қонақтар!
Амансыз ба, ұстазым!
Сіздерді көріп қуанам.
Сендерді көргенімізге бізде қуанамыз, балалар, көңіл - күйлерің қалай? (Көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді)
Онда сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымызды жақсы өткіземіз деп сендерге сенемін. Сәттілік тілеймін!





Үй тапсырмасын сұрау.

1 .Білу.О.Бөкей «Апамның астауы» Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу(«Шеңбер» әдісі арқылы)

-Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

-Жазушының ілтипатпен еске алып отырғаны кім?

Шығармада автордың ерекше көңіл күйін білдіріп тұрған қандай сөздер бар?

-Сағынышын қалай білдіреді?

2.Өз аналары туралы жазылып әкелген сипаттаулары оқылады. «Ыстық орындықта» отырып оқиды.

3.Ұнатқан үзінділері жатқа сұралады.


Жаңа сабақ
1.Кіріспе әңгіме

«Бала, бала, бала!» деп,


Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған –
Бұл кім? Ана!
- Ана – бәріміздің ақылшымыз, қамқоршымыз екен. Үйге берілген тапсырма бойынша өз аналарың жайлы жылы лебіз, жақсы-жақсы ой толғап келіпсіңдер.Бәріміздің анамызға ортақ қасиеттер мен ананың құдіретін суреттеген оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол-Баубек Бұлқышевтің «Ана» деп аталатын шығармасы.

2.Түсіну.

Автордың қысқаша өмірбаяны(Слайдтан таныстырылады) Баубек Бұлқышев (1916 – 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған, аға лейтенант болды..1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Мәскеу әскери училищесінде оқыды. Ол қазіргі Қарғанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Ауылдан Алматыға» әңгімесі,«Балалық шақ» поэмасы, «Есімізде қанды жорықтар», «Алматы менің туған қалам», «Заман біздікі» т. б. туындылары бар.
3. Қолдану.Тыныштық сәті. Мәтінді электронды оқулықтан тыңдату.(музыка қойылады) Оқушылар көздерін жұмып, отырып тыңдайды. Оқушыларға мәтінді әрбір азат жолдан оқытамын
4.Мәтінді тыңдап болған соң сұрақтар қоямын. Шығармашылық тапсырма, мәтінмен жұмыс жасау. Слайдтар көрсету (оқушылар сөйлейді)

– Мәтінде кім жайлы айтылған?

– Ана жайлы .

-Теңізге нені теңейді?

-Адамның есінен ешқашан не нәрсе ешқашан кетпейді?

-Ананы қай кезден бастап іздейсің?

5. Талдау. Ой бөлісу. Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу.

-Мәтінде қандай теңеу бар?(Ананың тілі,ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?)

-Неге теңізге теңейді?(Өйткені, теңіз терең, ананың да махаббаты шексіз терең)

-Осы жолдағы ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерді қалай түсінесіз?

Оқушылар топпен жұмыс жасайды. (Сызбасын топпен құрады)

1-топ: Ананың тілі (жылы сөз, еркелете сөйлеуі, мейірге толы сөзі)

2-топ:Ананың махаббаты (баласын жақсы көруі, ерекше нәзік сезімі, балаға жүрек жылуы)

3-топ:Ана кім? (дос, аяулы жан, ақылшы, ұстаз т.б)


Сергіту сәтін ұйымдастыру (қимылды би арқылы орындалады)
6.Оқушылар топпен жұмыс жасайды. (Сызбасын топпен құрады)

1-топ: -Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар? (жұбанбай, жылай беру. Еш нәрсеге түсінбеу)

2-топ: -Құндақта сөзін қалай түсінеміз? (жөргек, нәрестелік шақ)

3-топ: «Ананың жолы басқа» делінген. Басқаны қалай түсінеміз?


Сол себепті де «Ана дегенде толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!» дейді.Осы тіркестерді қалай түсінуге болады? Топпен талқылайды. Слайд арқылы түсіндіремін.

7. Толқымайтын жүрек, тасымайтын қан,сезбейтін сезім сөз тіркестері туралы талқылаутоппен.

8.Ой бөлісу орталығының тапсырмалары беріледі.

Дәптермен жұмыс. Синквейн әдісімен «Бес жол өлең» құрастыр « 1 зат есім, 2 сын есім, 3 етістік, 1 сөйлем, 1 синоним құра. Зат есіміміз «Ана» сөзі болсын.

9. Постр құрастыру. Ана деген сезімдеріңді жақсы жеткіздіңдер. Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Жердің өзіне де Жер – ана , бізді қоршаған табиғатқа Табиғат ана, отанымызға Отан ана деп теңеу айтып жүрміз. Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше. Себебі, ана тек баласының тәрбиелеушісі ғана емес, ол – қызметкер болып еліміздің көркеюіне де ат салысады. Осы туралы не айтар едіңдер? - Ана-дәрігер болып адамдарды емдейді.

- Ана-мұғалім. Ол балаларға білім береді.

- Ана-актер болып өз үлесін қосады.

- Ана- әнші. Халықты әнімен тербетеді.

- Ана-жүргізуші болады. Ол халыққа қызмет етеді.

- Ана-ұшқыш. Қорықпай ұшақпен ұшады.

- Ана-спортшы. Еліміздің атын шығарады.

- Ана-Отан қорғаушы болып жұмыс атқара алады. Постерге түсіріп көрелік. Әр топ өз постерлерін қорғайды.



Қорытынды. Жинақтау. 1.Оқушылардың ой толғанысы ұйымдастырылып, үй тапсырмасы мен жаңа тақырыптың арасындағы ұқсастық Венн диаграммасына түсіріледі. О.Бөкей «Апамның астауы» және Б.Бұлқышев

2.«Ана» «Ғажайып сәт» ойыны


1. Бұл шығарма біз өткен шығармалардың қайсысына ұқсастығы бар?
2. Әр баланың анаға деген махаббаты қай кезден басталады деп ойлайсың?
3. Сенің анаң не деп немесе қалай еркелетеді?
4. Ана туралы бір шумақ өлең оқып бер
5. Аналар мерекесі қай кез? Анаңа не сыйлайсың?
6. Сенің анаңның туған күні қашан?
7.... атқа шапса,... үйде отырып тақымын қысады
8. Сен анаңның құшағынан нені сезінесің?
9. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың дейді? Неге?

Үйге тапсырма: «Ана» мәтінін түсініп оқу, жаттау. «Менің анам» тақырыбында эссе жазу

Бағалау Парақшаны толтырады. Сабақтан ойыма түйгенім. Келесі сабақта үйренгім келеді. Бүгінгі сабақта  түсіне алмадым.   Кері байланыс: Оқушылар өз ойларын стикерге жазып жапсырады. Топ басшысы бағалау парақшасын тапсырады.   Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет