70
Сөйлеу тілінің сыртқы (фонациялық) өңдеуінің бұзылуы бұзылған бөлігіне
қарай төменгідегідей топтарға бөлінеді: а) дауыс шығару, ә)
сөйлеудің
жылдамдығы мен ырғақтылығының ұйымдастырылуы, б) интонациялық-
әуенді, в) дыбыс айтуының ұйымдастырылуы. Бұл бұзылыстар жеке немесе
әр түрлі комбинацияларда кездесуі мүмкін. Осыған байланысты логопедияда
дәстүрлі бекітілген терминдермен аталған келесі
сөйлеу тілі бұзылыстары
ажыратылады:
а)
Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения).
Дауыстың бұзылуы дауыс аппаратының патологиялық өзгерістерінің
салдарынан болуы мүмкін. Бұл кемістіктің әртүрлі белгілері болады:
фонацияның мүлдем болмауы (афония), дауыс күшінің, тембрінің,
биіктілігінің бұзылуы (дисфония), дауыстың шаршағыштығының, оның
қырылдап, сырылдап, бәсең шығуы (фонестения).
Дауыстың бұзылуы дауыстың пайда болатын
механизмінің органикалық
немесе функционалды бұзылыстардың салдарынан орталық немесе шеткі
болады. Ол бала дамуының кез-келген кезеңінде болуы мүмкін. Дауыстың
бұзылуы өз бетінше жеке немесе басқа сөйлеу тілінің бұзылуы мен бірге
кездеседі (ринолалия, дизартрия).
ә)
Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы (тахилалаия,
брадилалия, тұтықпа).
Тахилалия
(«tachys» - тез, «lalio» - сөйлеу тілі) –
сөйлеу жылдамдығының
қалыптан тыс тездетуі. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп
бөлінеді. Сөйлеу тілінің темпі жеделдеген кезде сөз шапшан, екпінді шығады
да, сөйлеген кезде аграмматизмдер кездеседі. Сөйлеу тілінің фонетикасы,
лексикасы және грамматикалық құрылымы сақталған болады.
Брадилалия
( «bradys» -баяу, «lalio» - сөйлеу тілі)
- сөйлеу жылдамдығының
қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп
бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созыңқы
шығады.
Аталған бұзылыстарда (тахилалия, брадилалия)
ішкі де сыртқы да сөйлеу
тілінің бұзылуы байқалады. Бұл бұзылыстар әр түрлі деңгейде көрінеді,
күрделі жағдайда коммуникативті процесі зақымдалады. Бірақ, баланың ерте
жасынан осы бұзылыстарды жою жұмысын қолға алса, олар баланың әрі
қарай дамуына және сөйлеу тілінің қалыптасуына
жағымсыз жағдай
тудырмайды.
Тұтықпа
Достарыңызбен бөлісу: