73
қате, тұрақсыз болады. Сөз түсінігі төмен, сөздерді бірнеше рет қайталанған,
таныс ситуацияда түсінеді.
Екінші денгей:
баланың сөйлеу мүмкіншіліктерінің өсуінде қолайлы
динамика байқалады. Жалпы қолданбалы сөздер пайда болады, бірақ олар
бұрмаланып айтылады. Көбінесе балалар зат есім мен етістікті қолданады.
Әлі де жест ере жүреді. Көптеген дыбыстарды бұзып айтады (ысқырық,
ызың, сонорлы). Бала өзі, жанұясы жайында әнгімелеп бере алады, бірақ
сөйлемдерінде аграмматизм байқалады.
Үшінші денгей:
Балалар қарым - қатынас құралдарын кеңінен қолдана алады.
Сөйлеу тілінде фонетика, лексика, грамматикасында күрделі жетіспеушілік
байқалмайды, бірақ кейбір қателер болады.Сөздік қорының кедейлігінен
балалар керекті сөзді тауып айтуда қиналады. Айтылуы және мағынасы ұқсас
сөздерді шатастырады. Сөзжасам және сөзөзгерту дағдылары қалыптаспаған.
Сөйлемнің жай конструкциялары қолданылады. Сөйлеу тілді түсінуі
жақсартылған.
Бір денгейден келесі денгейге ауысуы сөйлеу тілінің бұзылуының
тереңдігіне,
коррекциялық
ықпалдың
уақытына
және
мазмұнына
байланысты.
Бұзылыстың
екінші тобына
тұтықпа жатады. Тұтықпа жалпы сөйлеу
тілі дамымауымен тіркесіп, байқалуы да мүмкін.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дисграфия, дислексия, дизорфография) бұл
топтастыру бойынша фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктің немесе
жалпы сөйлеу тілі дамымауының құрамында қарастырылады.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық классификация логопедиялық
тәжірибеде ғылыми тұрғыдан негізделген мектепке дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарына және басқа да
психикалық функцияларына әсер ететін коррекциялық фронтальды әдістерін
кеңінен пайдалануға мүмкіндік ашты. Психологиялық-педагогикалық
классификация бойынша ең маңызды мәселе - сөйлеу тілі жүйесінің дәл қай
компоненті бұзылған немесе жетілмегенін ескеру болып табылады. Осы
қағиданы ұстанып, педагог ауытқудың әр түрінде түзету жұмысының дұрыс
және тиімді бағытын анықтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: