75
жеткіліксіздігінің нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы, акустика
нышандары бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады.
Арнайы әдебиетте сөйлеу тілі үрдісіне қатысатын психофизиологиялық
механизмінің қайсысы зақымдалғанына қарай дислалияның екі түрін
ажыратады. Бір қатар авторлар (К. П. Беккер, М. Совак, М. Е. Хватцев, О. А.
Токарева, О. В. Правдина және т.б.) сенсорлы
және моторлы дислалия деп
бөледі және дислалияны осылай ажыратуын талап етеді.
Логопедияның дамуының заманауи кезеңінде ауытқудың топтастырылуы
сөйлеу тілін зерттейтін әртүрлі пәндердің критерийлерінің жиынтығына
сүйенеді. Сонымен қатар, логопедияда логопедиялық ықпалға ерерлік
бұзылыстардың негізгі
белгілерін бөлген маңызды, яғни ауытқудың түрін
(фонематикалық немесе фонетикалық) ескеру.
Аталған критерийлер бойынша дислалияның негізгі үш түрін ажыратады:
акустикалық-фонематикалық,
артикуляторлық-фонематикалық,
артикуляторлық -фонетикалық.
Акустикалық-фонематикалық
дислалия:
дыбысты
айту
ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу
операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу
негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық
физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір
дыбыстарды есту арқылы
ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын
дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің
сенсорлы бөлімімен шектеледі.
Артикуляторлы-фонематикалық
дислалия
сөзді өндіруші моторлы
бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының
қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты қосады. Олардың екі түрі
болуы мүмкін: 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының
нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған,
артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық нышандар бойынша
ұқсас дыбыстар таңдалады.
2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты шығару үшін
керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі.
Бірақ дыбысты таңдау
кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс
айтылады, басқаларында- дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып
айтылады.
Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып, шатастырылып
айтылады. (ц-ч,р-л, т-к, д-г, с-ш, з-ж).
Дислалияның осы түрінде баланың фонематикалық есту қабілеті толық
қалыптасқан болады. Сондықтан бұл ақаулықтар түзету
барысында
жойылады.
Мысалы, [Р] - [Л] алмастыру 5 жастағы баланың арасында 42% кездеседі (Р
дыбысы бұзылыстарының ішінде), 6ж - 34%, 7ж - 18%, 8-9ж - 18%
ал [л]→[р] алмастыру 5ж - 9%, 6ж - 5%, 7ж-жоқ
Мұндай мағлұматтар А. Н. Гвоздевтің, В. И. Бельтюковтың, О. В.
Правдинаның жұмыстарынан кездестіруге болады. Бірақ, дыбыс айтудың
76
бұзылуы барлық балаларда түзетілмейді. Жалпы білім беретін мектепте 1
сынып оқушыларының ішінде фонематикалық
жетіспеушілігі бар балалар
саны 15% -ды көрсеткен. Бастауыш мектепті аяқтаған кезде ондай балалар
бірен – саран болады.
Дыбысты бұзып айту моторлы бұзылыстарға байланысты емес. Ол
фонемаларды
артикуляторлық
белгілеріне
байланысты
іріктейтін
операцияларына (әрекетіне) байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: