Дислалия
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады. - Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады.
20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф.Ф.Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп атаған.
Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы(Л. С. Волкова).
Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина).
Достарыңызбен бөлісу: |