Артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар. Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін. Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:
дыбысты мүлдем айтпауы
дыбысты алмастырып айтуы;
дыбысты бұзып айтуы
дыбысты шатастырып айтуы.
Балаларда кездесетін Балаларда кездесетін
органикалық
функционалды
Органикалық (механикалық) дислалия артикуляциялық аппараттың құрылымының бұзылуымен байланысты: тістенудің бұрыстығы, тістер құрылысының бұзылуы, аномальді үлкен және кішкентай тіл, тіл ершігінің қысқа болуы. Аталған кемшіліктер дыбыстардың дұрыс айтылуын қиындатады.
Функционалды дислалия дегеніміз - дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да, дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Функционалдық дислалия көп жағдайда төмендегілерге: баланың отбасында сөйлеудің бұрыс тәрбиеленуіне (баламен сөйлесу кезінде үлкендердің асыра еркелетіп «баланы күтуші тілін» қолдану); баланы қоршаған жақын адамдарының дыбысты дұрыс дыбыстамауына; педагогикалық салғырттыққа, фонематикалық тәрбиелеудің жетілмеуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |