Бала жеке дыбысты дұрыс айтып үйренген соң міндетті түрде дыбысты машықтандыру кезеңіне ауысу қажет. Қойылған дыбысты бекіту жұмысы жүйелікпен және кезекпен жүргізіледі. Бұл кезең дайындық және дыбысты қою кезеңінен бастап дыбыс айтудың ауытқуының себебі қандай болмасын жұмыс бірдей кезектілікпен жүргізіледі: қойылған дыбысты буында (ашық, тұйық, бітеу) машықтандыру; сөзде (сөздің басында, ортасында, аяғында); сөз тіркесінде; сөйлемде; байланыстырып сөйлеуде дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру: дыбысты күнделікті сөйлеу тілінде машықтандыру. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру үшін жаттығу материалын таңдаған кезде фонетикалық, талаптарды еске алу, айту қиындықтарын сатылап арттыруды сақтау керек.

Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңінде логопедиялық жұмыс , дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату , сосын дыбысты, буында, сөзде, сөйлемде ажырату. Дыбыстың бұзылуын түзету барысында Г.С. Оразаеваның зерттеу жұмысындағы ғылыми тұрғыдан негізделген ұлттық ойындар түрлерін логопед өз тәжірибесінде кеңінен қолдануына болады.