84
сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, Ш дыбысы С дыбысымен
алмастырылады дедік. Енді Ш дыбысын дұрыс айтып үйренгенде біраз уақыт
С дыбысы бар сөздерде Ш дыбысы қолданылады. Сабын-шабын, қасық-
қашық т.б.
Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу
қателіктеріне де соқтыруы мүмкін. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету
нәтижесін бекіте отырып, дифференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды
және буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл
бөлу керек.
Түрлі дыбыстардың айтылу кемшіліктерін сипаттау барысында осы
кемшіліктердің пайда болуына себеп болатын, олардың түзетілуіне кедергі
болатын аппараттың шеткі бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар
ескертіледі.
Бірақ есте болатын жайі, бір жағынан дыбыс айту кемшіліктері кейде
сөйлеу аппаратының құрылымы бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде
сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің
фонетикалық жағы дұрыс дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарғы нерв
қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу
аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады.
Шеткі сөйлеу аппаратының құрылымының анық аномалиясы
жағдайында, дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескертудің маңыздылығы
сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылуы кемшілігін
коррекциялауды қиындататын фактор ретінде асыра мән беру кездеседі.
Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалалиялар
болғанда
ғана, логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операциямен реттеу,
немесе протездеу түріндегі медициналык тәсілдер қолданады. Бұндай әсердің
қажеттігін логопед пен дәрігер /стоматолог, отоларинголог/ бірлесіп шешед
Достарыңызбен бөлісу: