101
Алайда ламбдацизмді еліктеу арқылы түзету сирек нәтиже береді.
Оның үстіне-ламбдацизмді басқа әдістермен түзету кезінде логопедтің
үйреншікті қате артикуляция қайталанбауы үшін одан бас тартуына тура
келеді.
Лабдацизмді түзетудің арнаулы әдістері мынадай: балаға айна алдында
тілді шығарып, оны тіс арасына қысу, сосын
А
немесе
Ы
дыбыстарын созып
айту ұсынылады.
Логопед нұсқаулар береді, айна алдында артикуляцияны
дауыстамай көрсетеді. Сөйлеу аппаратының осы қалпында созыла Л пайда
болады, бірақ баланы жаңылдырмау үшін оған назарын аудартпайды.
Осы жаттығуды әуелі сыбырлап айтып, ауыздың бүйір қуысынан
шыққан ауаны бақылай отырып екпінді дем алу да пайдалы. Егер тіл
бүйірлері арқылы дем шығаруда қиындық кездессе,
сонымен қатар
Л
дыбысын қатаң айту үшін қажет болатын, ауыз формасын сақтау керек болса,
мынадай жаттығу жасау керек: бала тілді тіс арасына кеңінен сұғып, демімен
ұртын толтырады. Содан соң дыбыс шығарса шу аралас
Л
дыбысы пайда
болады, қосымша шу буын мен сөздер айтқанда біртіндей азаяды.
Артикуляцияны бекітуге арналған алғашқы жаттығуларда әуелі жабық
буында, кейін ашық буында А дауыстысы қосып айтылады /ол-а/ ең соңында
ашық /
ла
/ қолданылады. Одан әрі
ы, о, у
дауыстылар пайдаланылады /ала,
алы, алу/.
Бүйірлік қуыстар жасау өте қиын болғанда, әсіресе
Л
дыбысы
Н
дыбысымен алмасатын парасигматизмде № 4 зонд қолданылады. Ол
тілге
көлденең қойылып, бүйірлерін қысады да тіл ұшы жоғарғы тістерге тіреледі.
Сонда дем ауасы тіл бүйірлері мен жоғарғы тіс арасындағы қуысқа
ұмтылады. Зондтың орнына дөңгелек пластмасса таяқшаны пайдалануға
болады оны ауызға бүйірден енгізеді, тілдің бүйір шетін бір жағынан /оңқай-
оңнан, солақай-солдан/ төмен қысып, бүйірлік ауаға жол ашады. Содан кейін
дауыстағанда бүйірлік сонант шығуға тиіс.
Егер тілдің икемсіздігінен аталған тіл қалпын орнықтыру мүмкін
болмаса артикуляциялық жаттығулар жасау керек. Ол тілдің «қазықша»
қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға
бағыттауы керек. Жаттығу мыналарды, қамтиды, тілді кезекпен жалпайту
немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі,
жоғарғы
еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен
ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп
ұстау.
Егер еріндердің тарылуымен байланысты
ламбдацизмде еріннің
артикуляциясын түзеу қиын болса, тісті қасқита отырып ерінді ашып жабу
пайдалы.
Ламбдацизм
Л
дыбысымен қатар
Л'
дыбысына да қатысы болса,
біріншісін түзету екіншісіне негіз болады. Ол алдыңғы қатар дауыстылары
бар /ли, ле/ ашық буындарды айту арқылы, сосын
Л
және
Л'
дыбысты басқа
буындарды салыстыру /
ла-ля, ло-ле
/ арқылы жүзеге асады.
102
Ламбдацизмді туғызатын тіл асты желбезегінің күрт
қысқаруы
салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда
хирургиялық операция туралы шешім қабылданады.
Л
дыбысының артикуляциясы түзетіліп, буында, сөзде бекітілген соң,
параламбдацизм болған жағдайда алмасатын дыбысты ажыратуға арналған
жаттығулар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: