I теоретические основы логопедии


Дизартрияның көмескі түрін түзету жолдары



Pdf көрінісі
бет72/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   249
 
Дизартрияның көмескі түрін түзету жолдары 
 
Түзету жұмысы басқа топтарда жүргізілетін жұмыстың жалпы 
кезеңдерінен құралады: жалпы, ұсақ және артикуляциялық моторикасын 
дамыту, көру гнозисын, кеңістікті бағдарлау, сөйлеу тілінің просодика 
жағын, фонематикалық қабылдауын дамыту. Дыбыс айтуы бұзылған баламен 
дыбысты қою, машықтандыру, ажырату, байланыстырып сөйлеуге енгізу 
жұмыстарын жүргізу. Жоғары психикалық қызметтері мен процестері 
бұзылған балалармен сөйлеу тілінде ақаулығың көріністерін жою жұмысы 
атқарылады. 
Солай, дизартрияның көмескі түрі бар баларда жазбаша сөйлеу тілінің 
қалыптасуына қатысатын функциялары мен процестерінің бұзылуы 
байқалады. Түзету жұмысында жазу мен оқуының бұзылуын алдын алуға 
бағытталған сабақтар енгізу керек. Түзету жұмысының кезектілігі қатаң 
бекітілген. 
Сондықтан ұсынылып отырған кезеңдермен жаттығуларды ұстану қажет. 
Әр кезеңнің ұзақтылығы өзгеріп тұруы мүмкін. Ойткені, дизартрияның 
көмескі түрі бар балалардың бұзылыстарының күрделігі әр түрлі болады. 


140 
Сабақты топпен және жеке түрде өткізуге болады. Дизартрияның көмескі 
түрінің салдарынан жалпы сөйлеу тіл дамымауының II-III деңгейдегі
балалар жеке топта оқытылады. Бұл топта жүргізілетін түзету жұмысы 
жалпы сөйлеу тіл дамымауы тобында қолданылатын әдістер және 
тәсілдермен толықтырылады. Жұмыс дайындық кезеңнен басталады. Бұл 
кезеңде сабақтар қимыл - қозғалыс сферасын (жалпы, ұсақ, артикуляциялық 
мрторикасы) дамыту, дұрыс тыныс алуы дағдыларын жою және 
машықтандыру, сөйлеу тілінің просодикалық жағын дамыту сабақтары 
бірлесіп өткізіледі. Сабақта қалыптастырылған дағдылары уйде бекітілген 
жөн. 
Түзету жұмысының кезектілігі 
 
I. Қимыл- қозғалыс сферасын дамыту. 
1. Жалпы қимыл-қозғалыс сферасы. 
2. Ұсақ моторикасын дамыту. 
а) қимыл - қозғалыс актісінің кинестетикалық компоненттерімен тактильді 
сезімдерін дамыту. 
б) қимыл - қозғалыс актісінің кинетикалық компонентін дамыту: 
-қол басының қимыл-қозғалысы; 
-қол саусақтарының қимыл – қозғалысы; 
-екі қолмен жасалатын жаттығулар.
3. Қимыл - қозғалыс динамикалық кординациясы (үйлесімі). 
4. Қолдың қимыл-қозғалысының реципрокты үйлесімін дамыту. 
II. Дұрыс тыныс алу дағдыларын қою және дамыту. 
1. Төртфазылық диафрагмальды тыныс алуын дамыту. 
2. Мұрын және ауыз арқылы тыныс алуын дамыту. 
3. Тыныс алу дағдыларын қимыл – қозғалысымен біріктіру. 
4. Тыныс алу дағдыларын қимыл-қозғалыста бекіту. 
5. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту. 
III. Дауыстың жоғарлығы мен күшін және интонациясын дамыту (сөйлеу 
тілінің просодика жағын). 
1. Дауыстың күшін дамыту. 
2. Дауыстың диапазонын дамыту.
 
 
IV. Мимикалық және артикуляциялық жаттығулар. 
1. Мимикалық жаттығулар. 
2. Саливацияны азайту және спастиканы кетіру. 
3. Артикуляциялық гимнастика: 
а) төменгі жақ сүйектерге арналған жаттығулар; 
б) ерінге арналған жаттығулар; 
в) тілге арналған жаттығулар; 
г) бұзылған дыбыстарды қоюға арналған жаттығулар. 
V. Көріп қабылдауын, талдау және жинақтау дағдыларын, кеңістік түсінігін 
дамыту. 
1. Көріп қабылдау, талдау және жинақтау дағдыларын дамыту. 


141 
2. Кеңістік түсінігін дамыту. 
3. Сыртқы кеңістік жайында түсініктерін анықтау және кеңейту. 
4. Өзіне байланысты кеңістіктегі бағытты анықтау. 
5. Бір - біріне қатысты заттардың оринтациясын (бағытын) анықтау. 
6. Қарама - қарсы тұрған адамның дене схемасына қатысты оринтациясы. 
7. Құрастыру. 
8. Қағаз бетіне қатысты ориентациясы. 
9. Кеңістіктің вербальды маркировкасы: 
а) кезектілікті игеру; 
б) сурет, сюжетті серия бойынша әңгіме құрастыру; 
в) логикалық - грамматикалық конструкцияларды игеру. 
VI. Фонематикалық қабылдауын, талдау және жинақтау дағдыларын дамыту. 
1. Сөзсіз дыбыстарды қабылдау және ажырату: 
а) есту зейнін дамыту; 
б) ақырын, қатты шығарған дыбыстарды ажырату; 
в) ырғақтық сезімін дамыту; 
2. Сөйлеу тіл дыбыстарын қабылдау және ажырату: 
а) дауыстың және сөйлеудің интонированиясын ажырату; 
б) сөйлеу зейінін дамыту; 
в) акустикалық - артикуляциялық белгілері ұқсас фонемаларды 
дифференциалдау. 
3. Қарапайым дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыт: 
а) қарапайым дыбысты жинақтау дағдыларын дамыту; 
б) дыбыстық - буындық талдауын дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет