155
қимыл-қозғалысы ұзақ мерзімге дейін шектеулі болғанына байланысты.
Ашық ринолалияның функционалдық тексеруінде қатты және жұмсақ
таңдайында органикалық өзгерістер байқалмайды. Дауысты дыбыстардың
айтылуының күрделі бұзылуы функционалдық ашық ринолалияның негізгі
белгісі. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде таңдай мен жұтқыншақ
жақсы
қабысады
және
олардың
үндері
мұрыннан
шықпайды.
Функционалдық ашық ринолалияның болжамы органикалыққа қарағанда
едәуір қолайлы. Ол фониаторлық жаттығулардан кейін жойылады, ал дыбыс
айтуының бұзылуы дислалияны түзетуінде қолданатын тәсілдер арқылы
жойылады.
Бітеу (жабық) ринолалияда
барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы
кезінде ауа ауыз арқылы өтеді. Бұл баланың мұрнымен тыныс алуы
қиындағанымен түсіндіріледі. Мұрын қуысына өтетін жолды жауып тұратын
полип, аденоидтың ұлғаю, мұрын қалқасының майысуы және басқалары
себеп болуы мүмкін. Мұрын резонансы тұтас немесе жарым-жартылай дауыс
қалыптасу барысында өшеді, дауыс бір қатар обертонын жоғалтады, мұрын
жолды дыбыстары («м», «н», «ң») бұрмаланып қатаң айтылады. Егер мұрын
резонансы жоқ болса, онда бұл дыбыстар ауыздан айтылады б, б’, д, д.
Достарыңызбен бөлісу: