158
Неміс бағытының анағұрлым жарқын бейнелеушісі – проф. Г.Гуцман
болып табылады. Онымен өңделінген әдісте таңдай-жұтқын пердесін
жақсартуға арналған жаттығулардың нақты жүйесі ұсынылады. Ол сөйлеу
жаттығуларын обтураторды немесе мұрын қысқышын пайдаланумен
жүргізуді ұсынады.
Таңдай пердесінің Пассаван валигімен түйісуі және осының
салдарынан таңдай-жұтқын қақпағының жақсаруы обтураторды салуда
немесе мұрын шеттерін (қанаттарын) қысу кезінде қол жеткізіледі, өйткені
осы уақытта, ауызда күшті қысым пайда болады. Бұл таңдай пердесінің
жоғарыға қарай көтерілуіне әрекеттеседі. Сөйлеу жаттығуларының негізінде
– жоғарылатылған дыбыстағы дауысты пайдалану болып табылады.
Фрешельс сөйлеу ақауын жоюдың серпіліс түріндегі әдісін ұсынды.
Жұмыс істеудің осындай әдісі кезінде бір уақытта, қажырлы фонациямен
немесе қысқа дыбыстық үйлесімдерді айту кезінде кеуде деңгейіне дейін
көтерілген, қатты қысылған жұдырықтардың қозғалуының қарқынды
серпіліс түріндегі бағыттары жасалынады. Осы кезде дамытылатын энергия
осы кезеңде жұмыс істейтін барлық бұлшықеттерге таралады да оларды
қосымша жұмыс істетеуге мәжбүр еткізеді. Бұл таңдай қақпасының дамуына
және нығаюына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: