Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет174/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гипохлоремия
деп 
 
қан сұйығында хлордың мөлшері 96 
ммоль/л-ден төмен азаюын айтады. Ол мына себептерден 
дамуы мүмкін: 
● хлор организмнен көптеп шығарылып кетуінен. Мәселен 
толастамайтын құсу кезінде асқазан сөлімен көп хлор 
сыртқа шығарылады; 
● ацидоз, ісіну, іш шемені кездерінде хлор қаннан 
көптеп тіндерге ауысады;
● толық ашығу, тұзсыз емдәм қабылдау кездерінде 
организмге хлор аз түсуінен. 
Гипер- және гипохлоремиялардың арнайы әйгіленімдері 
болмайды. Олар гипо- немесе гипернатриемияның, гипо- 
немесе гиперкалиемияның көріністерімен және негізгі 
дерттің әйгіленімдерімен көрінеді.
Кальций мен фосфор алмасуының бұзылыстары.
Ересек адам организмінде кальцийдің мөлшері 1 кг дене 
массасына шаққанда 20 г болады, ал фосфордың қандағы 
мөлшері 34,5 мг%. Кальций мен фосфор сүйек тінінің 
негізгі құрамына енеді. Олардың организмдегі жалпы 
мөлшерінің 98%-ы сүйек пен тістердің үлесіне тиеді. Бұл 
элементтер оксиаппатит түрінде сүйек қаңқасына жиналады. 
Қанда кальцийдің 50%-ы иондалған (белсенді), ал 50%-ы
иондалмаған, 40% -ы нәруыздармен байланысқан, түрде 
болады, ал 5-15% -ы әртүрлі аниондардың (цитраттардың, 
фосфаттардың, 
карбонаттардың) 
кешеніне 
кіреді. 
Кальцийдің ішек-қарын жолдарынан қанға сіңірілуі мен 
ішектер және бүйрек арқылы оның сыртқа шығарылуы арасында 
қатаң тепе-теңдік сақталады. Бұл үрдіс Д
3
-витаминімен 


204
және паратгормонмен реттелінеді. Д-витамині ашішектің 
жоғарғы 
бөліктерінде 
кальцийдің 
қанға 
сіңірілуін 
қадағалайды. Ал паратгормон қан сарысуында иондалған 
кальцийдің деңгейін көтереді. Ол сүйектерден кальцийдің 
босап шығуын арттырады және оның несеппен сыртқа 
шығарылуын азайтады. Сонымен қатар паратгормон Д 

– 
гормоны (кальцитриол) түзілуін арттырады. Осылармен қатар 
кальцийдің 
алмасуын 
реттеуге 
тиреокальцитонин 
және 
біршама аз мөлшерде соматотропин, кортикостероидтар, 
тироксин, инсулин қатысады. Иондалған түрі организм 
тіршілігінде ең маңызды орын алады. Ацидоз кезінде, 
мысалы, қантты диабет, өспе өсуі кезінде, кальцийдің 
иондалуы жоғарылайды, ал алкалоз кезінде, мысалы, өкпе 
гипервентиляциясы кезінде, керісінше төмендейді, яғни 
кальций бейтарап түрде болады. Кальцийдің тіршілікте 
маңызы өте зор. Ол барлық жасушалардың іштеріндегі 
өтетін үрдістерге, олардың митоздық жолмен бөлінуінен 
бастап 
апоптозға 
және 
тіршілігін 
жоғалтуға 
дейін 
қатысады. 
Оның 
қатысуымен 
әрекет 
ету 
потенциалы 
қалыптасады, 
жасуша 
мембранасындағы 
рецепторларға 
гормондық дабыл беріледі және жасушалардың белсенді 
қозғалыстары болады. Осылай ол жасуша ішінде өтетін 
үрдістердің маңызды реттеушісі ретінде қаралады. Кальций 
жасушалар мембранасының өткізгіштігін реттеуге, жүйке, 
бұлшықет және без тіндерінде қозу туындату, синапстар 
арқылы серпіндерді өткізу үрдістеріне, ет жиырылуының 
молеулалық тетіктеріне қатысады. Кальций иондары 
миоциттерге еніп, ет талшықтарының жиырылуын туындатады. 
Тыныштық жағдайда ет жасушаларының ішінде бос кальций 
өте аз, мардымсыз (жасуша сыртындағы мөлшерінен 10000-
100000 есе аз) мөлшерде болады, оның басым бөлігі жасуша 
сыртында немесе кальцийді жинақтайтын саркоплазмалық 
торшалардың іштеріндегі қорларында жинақталады. Бұл аз 
кальций бұлшықет талшықтарын мүлде босаңсып кетуінен 
сақтандырып, олардың белгілі межеқуатын (тонусын) ұстап 
тұрады. Жасуша мембранасының өткізгіштігі жоғарылауы 
нәтижесінде жасуша ішіне енген кальций иондарының бір 
бөлігі миозинмен байланыста болатын АТФ-аза ферментінің 
белсенділігін 
арттырады. 
Осыдан 
АТФ 
молекуласының 
ыдырауынан пайда болған энергияны пайдаланып, актин мен 
миозин араларында көпіршіктер қалыптасуынан ет талшықтары 
жиырылады. 
Кальций бірқатар ферменттік үрдістерді бақылайды, 
макроэргиялық 
молекулалардың 
түзілуіне 
әсер 
етеді. 
Кальций сіңірілуі қиынға соғатын элементтердің біріне 


205
жатады. Тағаммен бірге түсетін кальцийдің қосылыстары іс 
жүзінде суда ерімейді. Асқазанның қышқыл сөлінің әсерінен 
олардың бір бөлігі еритін қосылыстарға айналады. Кальций, 
фосфор қышқылының бір негізді тұздары түрінде ұлтабарда 
сіңіріледі және оның сіңірілуіне май, май қышқылдары, Д 
витаминінің мөлшері үлкен әсер етеді. 
Кальцийдің қандағы қалыпты мөлшері 2—2,5 ммоль/л-дей, 
егер одан көбейсе, онда фосфор мөлшерінің азаюына әкеліп 
соғады және керісінше болады, яғни қанда кальцийдің 
мөлшері азайса онда фосфордың мөлшері көбейеді. Сөйтіп, 
кальцийдің деңгейі өзін-өзі реттеп тұрады. Д витаминінің 
қатысуымең кальций мен фосфор қанға түседі, қанда олардың 
арақатынасы үйлескен деңгейде болады. Егер белгілі бір 
себептермен кальцийдің қандағы мөлшері көбейетін болса, 
онда 
қалқаншасерік 
безде 
паратгормонның 
өндіріліп 
шығарылуы тежеледі де, қалқанша бездерде кальцитониннің 
өндірілуі артады. Осының нәтижесінде кальцийдің қандағы 
мөлшері қажетті деңгейге келеді, сонымен қатар фосфордың 
да деңгейі қалыпты күйге көшеді. 
Кальций мен фосфордың тұрақты деңгейі кальцитонин және 
паратгормон арқылы реттеліп отырады. Кальцитонин — 
қалқанша бездің С-жасушалары түзетін гормон және оның 
қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын қасиеті бар. 
Паратгормон — қалқаншасерік безде өндіріледі де, ол 
керісінше, қандағы кальцийдің мөлшерін көбейтеді. 
Организмге кальций мен фосфор тағамдық заттармен бірге 
түседі. 
Олардағы 
кальций 
мен 
фосфордың 
үйлесімді 
арақатынасы 1 : 1,25 ке теңеледі. Тағам құрамында 
фосфордың мөлшері көп болып, кальций аз болса, онда 
кальций 
бүйрек, 
ішек 
тамырларында, 
коронарлық 
артерияларда жиналады. Мүндай жағдай негізінен тек 
балықпен және уылдырықпен тамақтанудан болуы мүмкін. Бұл 
дерт ересектерде ғана емес, сонымен қатар балаларда да 
дамуы ықтимал. Кальцийдің ішектерде көп сіңірілуі өсіп 
келе жатқан жас балаларда, жүкті және бала емізетін 
әйелдерде байқалады. Ал, Д гиповитаминозы, өт жолдары 
бітелгенде, май қышқылдарының ыдырауы бұзылғанда ашішек 
қабынуы 
кезінде, 
керісінше 
кальций 
мен 
фосфордың 
сіңірілуі 
қиындайды. 
Оксалаттары 
көп 
және 
майлы 
тағамдарды 
артық 
пайдаланғанда, 
ұзақ 
іш 
өтулері 
кездерінде кальцийдің сіңірілуі мүлде болмауы мүмкін. 
Кальций алмасуынның бұзылыстары гипокальциемия және 
гиперкальциемия деп аталатын екі түрде кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет