Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Комплемент жүйесі әсерленуінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет300/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Комплемент жүйесі әсерленуінің бұзылыстары. 
Комплемент 
жүйесінің дәстүрлі және жанама жолдарымен әсерленулері 
бұзылыстарынан 
жалған 
аллергиялар 
дамиды. 
Оның 
әсерленулерінен пайда болатын құрамбөлшектері (С

, С


С


С


т.б.) 
лаброциттерден, 
базофилдерден, 
тромбоциттерден, нейтрофилдерден аллергия медиаторларын 
босатып шығарады. Содан лейкоциттердің өзара жабысуы, 
олардың тамыр қабырғасына жабысу қабілеттерінің артуы, 
тегіс салалы еттердің жиырылуы т.б. құбылыстар, кейде 
анафилаксиялық 
сілеймеге 
ұқсас 
жағдай, 
дамиды. 
Комплементтің 
әсерленуі 
протеазалардың 
(плазминнің, 
трипсиннің), калликреиннің, рентген-айқындағыш заттардың
декстранның әсерлерінен, ұзақ сақталған қан плазмасын 
немесе 
гамма-глобулин 
құйғанда 
т.б. 
жағдайларда 
байқалады.
Комплементтің 
бірінші 
құрамбөлшегі 
С
1
-тежегішінің 
аутосомдық - үстем жолмен ұрпаққа тарайтын тектік ақауы 
болатыны белгілі. Көпшілік жағдайларда бауырда оның 
түзілуінің бұзылуынан тапшылығы дамиды. Осы жағдайларда 
немесе оның белсенділігі төмендеуден Квинке ісінуінің 
жалған аллергиялық түрі байқалады. 
Әртүрлі (жарақат, хирургиялық әрекеттер, тіс жұлу 
т.с.с.) себептерден қан ұюы артқанда Хагеман факторының 
белсенділігі 
көтерілуден 
плазмин 
түзілуі 
көбейіп, 
комплемент жүйесінің әсерленуіне әкеледі. Соның бастапқы 
сатысында С

құрамбөлшегінен кинин тәріздес зат өндіріледі 
де, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі көтеріліп, 
Квинке ісінуі дамиды. 
Арахидон 
қышқылы 
алмасуының 
бұзылыстары. 
Эндотоксиндердің, дәрілердің әсерлерінен арахидон қышқылы 
алмасуының 
бұзылыстары 
байқалады. 
Фосфолипаза 
ферменттерінің 
белсенділігі 
көтерілуден 
жасушалардың 


359
мембранасындағы фосфолипидтердің ыдырауы болып, арахидон 
қышқылы босап шығады. Ол циклоксигеназа және липоксигеназа 
ферменттерінің 
қатысуымен 
простагландиндерге 
және 
лейкотриендерге айналады. Бұлар организм жүйелеріне, 
ағзаларына, 
тіндеріне 
және 
жасушаларына 
белсенді 
биологиялық әсер етеді. Простагландиндер F тегіс салалы 
еттерді жиырады, простагландиндер Е, керісінше, оларды 
босаңсытады, Тромбоксан А

тромбоциттердің агрегациясын 
туындатады және тегіс салалы еттерді жиырады, ал 
простациклин керісінше әсер етеді. Лейкотриендер С
4
, Д
4
тегіс еттерді жиырады, шырыш бөлінуін қатты көтереді, 
коронарлық қан айналымды азайтады, жүрек жиырылуын 
әлсіретеді. Лейкотриен В

нейтрофилдерге хемотаксистік 
әсер етеді, оларда оттегінің бос радикалдары құрылуын 
арттырады. Лейкотриен Е
4
ұзақ мерзім бронхоспазм дамытады. 
Кейбір адамдарда қабынуға қарсы стероидтық емес 
дәрілерге төзімсіздік болады. Осыдан осы дәрілердің 
әсерлерінен теріде жеңіл-желпі бөртпелер пайда болуынан 
бастап, ауыр анафилаксиялық сілеймеге ұқсас жағдайлар 
дамуына дейін бүліністер байқалады. Жорамал бойынша, бұл 
дәрілер циклоксигеназа-2 ферментінің белсенділігін тежеп, 
липоксигеназалық 
жолмен 
арахидон 
қышқылынан 
лейкотриендердің түзілуін арттырып жібереді. 
Жалған аллергияны парааллергия немесе гетероаллергия 
деп те атайды. Парааллергия химиялық құрылымы ұқсас, бірақ 
әртекті нәруыздық заттарға дамиды. Мәселен, қысқа мерзім 
ішінде әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы бірнеше екпелер 
жасағанда байқалады. 
Организмнің бір антигенге көтеріңкі сезімталдығы басқа 
бір, 
антигендік 
қасиеті 
жоқ, 
өршіткіш 
ықпалдардың 
әсерлерінен көрініс табуын гетероаллергия деуге болады. 
Ондай ықпалдарға суық тиюін, ыстық соғуын, организмнің 
уыттануларын, сәулелердің әсерлерін т.с.с. жатқызуға 
болады. Мәселен, жіті диффуздық гломерулонефриттің немесе 
созылмалы аурулардың мезгіл-мезгіл асқынулары дамуында осы 
өршіткіш ықпалдардың маңызы бар. Дегенмен, олардың даму 
жолдарында жасушалардың қатысуымен дамитын аллергиялық 
серпілістердің (БДЖС-тың) маңызы шешуші орын алады. Бұл 
өршіткіш ықпалдардың әсерлерінен организмде аллергендер 
пайда болу мүмкіншіліктерін де есте сақтау қажет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет