361
Үшінші түрінде микробтардың тіршілігі организмге
зиянды әсер етпейді. Мәселен, қалыпты тері мен шырышты
қабықтардағы, ішектердегі бактериялар. Олар организмнен
қажетті қоректік заттарын алып тіршілік етеді, бірақ оған
зиянын
тигізбейді.
Осындай
жағдайды
табақтастық
(комменсализм, франц.- commensal – табақтас) немесе
табақтасып тіршілік ету дейді. Бұндай микробтарды шартты
түрде дерт туындататын микробтарға жатқызады. Организмнің
иммундық жүйесінің бұзылыстарында олардың әсерлерінен
оппортунистік (лат. opportunus – көнгіш, ыңғайлы) жұқпалы
аурулар дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: