Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар



Pdf көрінісі
бет304/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар. 
Жұқпалардың 
пайда 
болуы 
олардың 
организмге 
ену 
(қақпаларынан) жолдарынан, организмде тарау жолдарынан 
және организмнің жұқпаға қарсы төзімділігінен байланысты 
болады. 
Микроорганизмдердің денеге ену жолдарын 
ену қақпалары 
– деп атайды. Олар денеге: 
● тері арқылы (мәселен, безгек, бөртпе сүзек т.б. 
аурулардың қоздырғыштары); 
● тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары арқылы 
(мәселен, тұмау, қызылша, жәншау (скарлатина) т.б. 
аурулардың қоздырғыштары); 
● ас қорыту жолдарының шырышты қабықтары арқылы 
(мәселен, іш сүзегі, сатқақ (дизентерия), тырысқақ т.с.с. 
аурулардың қоздырғыштары); 
● несеп-жыныс жолдарының кілегей қабықтары арқылы 
(мәселен, соз ауруының, мерездің, жүре пайда болған 
иммундық тапшылықтық синдромның (ЖИТС) т.б. дерттердің 
қоздырғыштары); 
● қан және лимфалық тамырлардың қабырғалары арқылы 
(мәселен, вирустық гепатиттер, ЖИТС егіп дәрі енгізгенде, 
қан құйғанда) – енеді. 
Микроорганизмдер денеде жасуша аралық кеңістіктердің 
бойымен, лимфамен, қанмен және сірі қуыстар мен жұлын-ми 
өзегінің сұйықтары арқылы тарайды. 
Микробтардың организмге енуі әлі жұқпалы аурудың 
дамуына әкелмейді. Организмнің қорғаныстық күштерінің 
жағдайына қарай жұқпалы ауру дамымауы мүмкін немесе 
организм, өзі сырқаттанбай, бактерия тасымалдаушы болып 
қалуы ықтимал. Организмнің жұқпаларға қарсы төзімділігі: 


364
● микробтардың денеге еніп кетуінен сақтандыратын; 
● 
микробтардың 
денеде 
өсіп-өніп 
кетуінен 
сақтандыратын; 
● микробтардың дерт туындату әсерінен сақтандыратын - 
мүмкіншіліктері- 
мен 
қамтамасыз 
етіледі 
(Организм 
реактивтілігін қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет