366
уыттану
байқалады.
Жүйке
жасушаларында
су
мен
электролиттердің алмасуы бұзылады, нейрондарда әрекеттік
потенциал қалыптасуы өзгереді. Осыдан бастапқы кезінде
жүйке жүйесінде қозу үрдістері басым болып, ауыр жұқпалы
аурулар кездерінде сандырақтау, елес, ұйқы қашу, қобалжу,
бас ауыруы т.б. көріністер пайда болады. Артынан жүйке
жүйесінде тежелу үрдістері басым түседі. Осыдан көңіл-
күйдің бей-жайлығы, ұйқы басу, ойлау қабілетінің төмендеуі
т.с.с белгілер байқалады.
Ас қорыту жүйесінде
ішек-қарын жолдарының қимылдық
және сөлденістік қызметтері бұзылады, тәбет жоғалады.
Бауырдың уытсыздандыру қызметіне ауыр жүктеме түседі.
Бүйректе
несеп сүзілуі және
оның сыртқа шығарылуы
өзгереді.
Бұл көрсетілгендердің барлығы көпшілік жағдайларда
организмге жұққан жұқпаның түрлерінен тікелей байланысты
болады.
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері.
Жұқпалы аурулардың басқа ауруларға қарағанда біршама
ерекшеліктері бар. Оларға:
● дамыған аурудың туындатқан жұқпаға арнайылығы
(көпшілік жағдайларда әрбір дерт туындататын микроб өзіне
ғана тән ауру дамытады, ал шартты түрде дерт туындататын
микробтардың
мұндай
қасиеті
болмайды.
Соңғылардың
әсерлерінен әртүрлі аурулар дамуы ықтимал);
● басқа адамдарға жұққыштығы;
● жұғу кезеңінің болуы (жұқпалы ауру барысында
микробтың науқас адамнан сау адамға жұғатын мерзімі
болады. Оның ұзақтығы осы ауруға ғана тән болады);
● иммунитет қалыптасуы (жұқпалы ауруларға ғана тән.
Жүре пайда болған иммунитеттің қарқыны мен ұзақтығы
әртүрлі жұқпалы аурулар кездерінде әртүрлі болады және бұл
аурулардың өтуі мен аяқталуына елеулі ықпал етеді. Кейде
жұқпалардың әсерлерінен салдарлық иммундық тапшылық дамуы
мүмкін. Егер иммундық жауап сәйкес болмаса, онда ол өзі
дерт дамытып, организмнің өліміне әкелуі ықтимал);
● ауру барысының оралымдылығы (аурудың даму жолдарына
байланысты бірінен біріне тізбектеліп ауысатын кезеңдердің
болуы) – жатады.
Достарыңызбен бөлісу: