369
● вирус антиденелермен байланысуынан иммундық кешендік
аурулар
дамуын арттырады;
●
тін
жасушаларына
бүліндіргіш
ықпал
ететін
цитокиндердің өндірілуін тым арттырып жібереді.
Вирус өзіне сезімтал жасушалармен жабысады
және
олардың
сыртқы
беттерінде
өсіп-өнеді.
Жасушалардың
сырттарындағы
вирустарды
байланыстыратын
арнайы
рецепторлар
қалыпты
жағдайларда
әртүрлі
міндеттер
атқаратын рецепторлар болулары мүмкін.
Олар гормондардың
немесе басқа дабылдық молекулалардың әсерлерін қабылдайтын
рецепторлар болуы ықтимал.
Бұл
кезде
организм
вирустың
жасушаға
енетін
нәруыздарына қарсы антиденелер өндіреді.
Содан бұл
өндірілген антиденелер бөтен текті зат ретінде танылып,
оларға
қарсы
аутоантиденелер
түзіледі.
Оларды
аутоантиидиотиптер
дейді. Бұлардың
детерминанттық топтары
вирустың эпитоптарымен бірдей болады. Сондықтан бұл
аутоантиидиотиптер жасушалардың
вирусты байланыстыратын
рецепторларымен байланысады және сол рецепторларды бөгеп
тастайды
немесе
оларды
қоздырып
жібереді.
Осыдан
аутоиммундық рецепторлық аурулар
дамуы мүмкін. Мәселен,
ұйқыбездің β - жасушаларының немесе нейрондардың вирустық
бүліністері осы жолмен дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: