Қарапайым (тұрпайы) жәндіктер.
Бұл қоздырғыштарға
иммундық
жауап
Т-жасушаларының
барлық
түрлерінің
қатысуымен болады. Кезкелген қарапайым жәндіктерге қарсы
төзімділік цитокиндермен (интерлейкиндер-2,-3, өспелерді
жоятын фактор, интеферондармен) қамтамасыз етіледі. Бірақ
олардың тым артық жиналуы қабынудың жіті фазасының ұзаққа
созылуына, дене қызымы көтерілуіне және адамның арып-
жүдеуіне әкеледі.
372
Жасуша сыртында өсетін паразиттерге (мәселен, амебаға)
қарсы қорғаныс IgG және IgM қатысуымен болатын
антиденеге-тәуелді жасушаға уыттылықпен және фагоцитозбен
қамтамасыз
етіледі.
Мұндай
фагоцитоздың
нәтижесінде
организм қарапайым жәндіктерден тазарады. Бірақ көптеген
қарапайым жәндіктер, фагоцитозға ұшырамай, тіршілігін
сақтап қалады. Мәселен, токсоплазмалар, лейшманиялар,
листериялар. Сондықтан организмде ұзақ сақталатын жұқпалар
болып, түйіршіктелген қабынулар дамиды.
Жасуша
ішінде
өсетін
паразиттерге
(мәселен,
лейшманиялар) қарсы қорғаныс жасушалардың, әсіресе Т
х
1
лимфоциттерінің, қатысуымен болады. Бұл кезде табиғи
жендет
жасушалардың
маңызы
зор
және
иммундық
глобулиндердің де қатысу мүмкіншіліктері бар. Иммундық
глобулиндер қарапайым жәндіктердің жасуша ішіне жарып
енуіне
қажетті
рецепторларды
байланыстырады
және
комплемент жүйесін жігерлендіріп, бұл жәндіктерді ыдыратып
жібереді.
Сонымен қатар, қарапайым жәндіктер өздерінің даму
жолдарында организмнің иммундық жүйесіне қарсы бейімделу
қасиеттерін
қабылдайды.
Олар
паразитология
пәнінде
толығырақ қарастырылады.
Құрттар.
Құрттарға
қарсы
иммундық
жауап
Т
х
2
жасушаларының басым қатысуымен болады. Содан оларда
интерлейкиндер 4, 5, 13 өндіріледі де, IgE түзілуі артады
және эозинофилдер мен базофилдердің құрттарға қарсы
әсерлері іске қосылады. Осыдан гельминтоздар кездерінде
анафилаксиялық серпілістер даму мүмкіншілігі болады.
Шырышты қабықтардың лаброциттері шырыш бөліп шығаруға және
жабысқан құрттармен бірге эпителий жасушаларының сыдырылып
түсуіне әкелетін белсенді заттар шығарады.
Құрттар, қарапайым жәндіктер сияқты, организмнің
иммундық жүйесін тежейтін және оған қарсы бейімделетін
қасиеттер қабылдайды. Сондықтан бұлардың әсерлерінен
иммундық тапшылықтық, иммундық кешендік аурулар және
аутоиммундық бүліністер дамиды.
Егер организмнің қорғаныстық тетіктері жұқпаны белгілі
жерге
орнықтыруға
жеткіліксіз
болса,
туа
біткен
иммунитетті қамтамасыз ететін жасушалардың иммундық жауабы
тым артық болып кетсе, онда жүйелі қабынулық серпілістер
синдромы түрінде, сепсис дамуына қауіп пайда болады.
Сепсис.
Сепсис туралы түсінік тарихи көзқарастарға ұшырады.
Бүгінгі күні сепсис дамуында адам тәнінінің серпілістеріне
маңызды орын беріледі. Шын мәнінде микробтың түріне
қарамай организмнің сепсиске қайтаратын жауабы әрдайым
373
бірдей болады.
Әмерика ғалымдарының ұсыныстары бойынша (1991) жұқпалы
үрдістерді: жүйелі қабынулық серпілістер синдромы, сепсис
(грек. sepsis – шіру), жұқпа, бактериемия, ауыр сепсис,
сепсистік сілейме (шок) – деп ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |