Антигендік атипия. Өспелердің
антигендік
қасиеті
өзгереді.
Өспе
жасушаларында вирустармен енгізілген бөтен гендік ақпарат
бар. Бұл ақпарат бойынша түзілген онконәруыз бөтен текті
болады. Қалыпты жағдайда әрбір тін тек өзіне ғана тән
антигендердің
жиынтығын
өндіреді.
Бұл
антигендердің
арасында әртүрлі тіндерге тән және орналасқан ағза
тініне
ғана
тән
арнайы
антигендер
болады.
Өспе
жасушаларында
антигендердің
жиынтығы
өзгереді.
Осы
өзгерістерге байланысты антигендік қарапайымдану немесе
күрделілену болуы ықтимал. Антигендік қарапайымдану өспе
жасушаларымен өндірілетін антигендердің саны азаюымен
сипатталады. Оның нәтижесінде көптеген жасушалардың
сыртқы беттерінде тін үйлесімділігі үлкен кешенінің
антигендері
жоғалып
кетеді.
Содан
өспе
жасушалары
организмнің иммундық жүйесімен бетен текті зат ретінде
танылмайды.
Антигендік күрделілену антигендік дивергенция және
реверсия түрлерінде байқалады.
Антигендік дивергенция -
деп өспе жасушасында орналасқан тіннен басқа тіндердің
антигендері өндірілуін айтады. Мәселен, гепатомада, бауыр
антигендерінің орнына, көкбауырдың, бүйректің немесе
басқа ағзалардың антигендері өндіріледі.
Антигендік реверсия (лат. rеvеrзіо-кері қайту) - деп
өспе
жасушаларымен
ұрықтық
антигендердің
өндірілуін
айтады. Мәселен, бауыр обырында ұрықтық альфа-фетопротеин
өндіріледі. Бұл кез келген қатерлі өспелерге тән. Ұрықтық
антигендерге
организмнің
иммундық
жүйесі
жауап
қайтармайды. Сондықтан бұндай өспе жасушаларына иммундық
шыдамдылық болады.
Функциялық атипия. Ө спе орналасқан ағзаның немесе тіннің атқаратын
қызметін:
● жоғалтады немесе төмендетеді; мәселен, асқазан обыры
оның сөл шығаруын азайтады, лейкоз кезінде лейкоциттер
фагоцитоздық қызмет атқармайды;