Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет317/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

өніп кетуін айтады.
Өспе жасушалары өсіп-өнуі мен дамып жетілуі бойынша
құрылымы мен қасиеттері, атқаратын міндеттемелері бойынша 
орналасқан 
қалыпты 
тін 
жасушаларынан 
алшақтанып 
ерекшеленіп тұрады. Осындай жағдайды өспе өсуінің атипиясы 
(грек. а – жоқ, болмау, typicos – түр, пішін) дейді. 
Осыған байланысты өспе жасушаларының даму дәрежесіне 
байланысты анаплазия (дамымау), катаплазия (кері даму), 
метаплазия (басқа тін жасушасына айналып даму), дисплазия 
(бұрыс даму) деген түсініктер қалыптасқан. Өспенің 


376
бірнеше: 
● өсіп-өну атипиясын 
морфологиялық атипиясын 
● биохимиялық атипиясын 
● антигендік атипиясын 
● функциялық атипиясын 
● физикалық-химиялық атипиясын – ажыратады. 
Өсіп-өну атипиясы. 
Өспелердің
 
өсіп-өну 
атипиясына 
олардың 
өсу 
дербестілігі және тіршілігін жоғалтпай, ұдайы шексіз өсіп-
өнуі жатады.
Өспе өсуінің дербестілігі. 
Өспе өспеге айналған бір 
жасушаның ғана қарқынды бөлініп көбеюі нәтижесінде дамиды 
және оған қажетті затгарды қаннан сорып алады. Өйткені 
өспе 
жасушаларының 
өсіп-өнуі 
өзін-өзі 
реттейтін 
(аутокриндік) жолмен болады. Өспе өсуі жасушалардың 
бөлініп көбеюін қадағалайтын нәруыздардың артып кетуінен 
немесе оны тежейтін нәруыздардың жетіспеушілігінен дамиды. 
Бұл нәруыздардың түзілуі белгілі гендердің қадағалауымен 
болады. Мәселен, жасушалардың бөлініп көбеюін арттыратын 
нәруыздар онкогеннің, ал оны тежейтін нәруыздар супрессор-
гендердің (антионкогендердің) қадағалауымен түзіледі. Осы 
гендердің мутациясы нәтижесінде онкогендер өршіп кетуінен 
немесе супрессор-гендердің бөгеліп қалуынан, онконәруыздар 
түзіліп, 
жасушалар 
шектен 
тыс 
артық 
өсіп-өніп 
кетеді.Онконәруыздар 
протеинкиназалар 
тобына 
жататын 
фосфопротенидер. Бұл нәруыздар өспе жасушаларына өсу 
факторы болып есептеледі. Осыдан өспе жасушалары өз 
беттерінше ұдайы бөлініп көбейе береді. Олар қалыпты 
(эпидермистің, 
тромбоциттердің, 
фибробластардың, 
Т-
лимфоциттерінің т.б.) өсу факторларын қабылдамайды да, 
оларға жауап қайтармайды. Өйткені өспе жасушаларының 
сыртқы беттерінде қалыпты өсу факторларын қабылдайтын 
рецепторлар жоғалып немесе қалыптыдан ауытқып кетеді. 
Кейбір өспе жасушаларының қабықтарында қалыпты өсу 
факторларын қабылдайтын рецепторлар болуы да мүмкін. Бірақ 
бұл рецепторлармен өсу факторлары байланысқанмен, одан 
пайда болған хабар жасуша ядросына тарамайды. Өспе 
жасушаларының сыртында өздері ғана өндірген өсу факторын 
қабылдайтын 
рецепторлар 
қалыптасады. 
Бұл 
қалыптыдан 
ауытқыған 
рецепторлар 
жасушаның 
бөлініп 
көбеюіне 
әдеттегіден тыс өзгерген хабар жеткізіп тұрады. Сондықтан 
өспе 
жасушалары, 
қалыпты 
жүйкелік-эндокриндік 
және 
паракриндік реттеу жолдарына бағынбай, өз беттерінше 
ырықсыз өседі. Осындай жағдайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет