Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет320/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

379
Биохимиялық атипия. 
Биохимиялық 
атипия 
– 
деп 
өспе 
тінінде 
зат 
алмасуларының қалыптыдан ауытқып ерекшеленуін айтады. Өспе 
өсуіне қажетті энергияны глюкоза ыдыратылуынан алады. 
Сондықтан өспе тіні глюкозаны қаннан ұдайы сорып алады. 
Сол себепті өспені «
глюкозаның қақпаны»
– деп атайды. Бұл 
кезде 
оттегінің 
қатысуынсыз 
глюкозаның 
(анаэробтық)
ыдыратылуы артады. Осы жағдайды 
Варбург әрекеті
дейді. 
Артынан оттегінің жеткілікті болуына қарамай аэробтық 
гликолиз жалғаса береді. Бұны 
Пастер әрекетінің әлсіреуі
дейді. Сонымен бірге глюкозаның пентоздық-фосфаттық жолмен 
тотығуы әсерленеді. Осыдан нуклеин қышқылдары түзілуіне 
қажетті 
рибозалардың 
түзілуі 
артады. 
Көмірсулары 
алмасуының аралық өнімдері (сүт қышқылы т. б.) өспе 
тінінде жиналып қалады, рН төмендеп, ацидоз дамиды. 
Өспе 
жасушаларында 
нәруыздардың 
өндірілуі 
мен 
ыдырауының арақатынасы бұзылады. Жасушалардың тез бөлініп, 
өсуіне көп мөлшерде нәруыздардың түзілуі қажет. Өспе 
жасушалары қаннан амин қышқылдарын және азоттық негіздерді
көптеп сорып алады және өзіне тән нәруыз өндіру үшін 
пайдаланады. Сондықтан өспені 
«азоттың қақпаны»
деп 
атайды. Өспе жасушаларымен өндірілетін нәруыз 
онконәруыз
(онкопротеин) деп аталады. Ол жасушалардың бақылаусыз және 
шексіз көбеюіне ықпал етеді. Оның түзілуі белсенді 
онкогендердің 
қадағалауымен 
болады. 
Кейбір 
өспе 
жасушаларында ұрықтық нәруыздар түзіледі. 
Өспелерде нуклеин қышқылдарының түзілу ферменттері 
қатты көбейген. Белсенділігі жоғары киназалар, АТФ 
энергиясын пайдаланып, бос пуринді және пиримидинді 
негіздерден, рибозадан (дезоксирибозадан) нуклеотидтердің 
өндірілуін үдетеді. Өспелерде РНҚ және ДНҚ өндірілуін 
арттыратын белсенді полимеразалардың мөлшері көбейеді. 
Керісінше, 
бүл 
қышқылдарды 
ыдырататын 
(мәселен, 
дезоксирибонуклеаза, 
аденаза, 
гуаназа 
т.с.с.) 
ферменттердің деңгейі қатты төмендейді. ДНҚ түзілуін 
тежейтін гистондардың түзілуі азаяды. 
Қалыпты жағдайда әрбір тін өзіне ғана тән ферменттер 
түзеді. Бұл ферменттер осы тінге тән изоферменттердің 
жиынтығымен сипатталады. Өспелерде бұл ерекшелік жоғалады, 
изоферменттердің саны азаяды, олардың жиынтығы әртүрлі 
өспелерде 
біркелкі 
сәйкес 
болады 
Осы 
жағдайды 
изоферменттік қарапайымдану дейді. Кейде, керісінше, 
изоферменттер тым көбейіп кетуі мүмкін. Оны изоферменттік 
күрделілену дейді.
Өспе 
жасушалары 
қаннан 
төмен 
тығыздықты 
липопротеидтерді және антиоксиданттарды (токоферол) сорып 


380
алады. Оларда май қышқылдарының түзілуі азаяды, керісінше, 
мембрана құрамына енетін өзгерген фосфолипидтердің түзілуі 
артады. Содан мембрана липидтері біркелкі болады да, өспе 
жасушаларының мембраналары қалыптыдан өзгеріп кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет