Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


●  арттырады; мәселен, аденома кездерінде эндокриндік  бездердің гормон шығару қызметі артып, гиперфункция  дамиды;  ●



Pdf көрінісі
бет322/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

● 
арттырады; мәселен, аденома кездерінде эндокриндік 
бездердің гормон шығару қызметі артып, гиперфункция 
дамиды; 
● 
орналасқан тін жасушаларына тән емес қызмет 
атқарады; мәселен, бронхогендік обыр аденогипофиздің 
гормондарын, сүт безінің обыры тиреоидтық гормондарды 


381
өндіре бастайды. 
Физикалық-химиялық атипия 
 Ө
спе жасушаларында судың, калий иондарының мөлшері 
жоғарылайды да, кальций, магний иондары азаяды. Кальций 
иондары азаюдан өспе жасушаларының өзара жабысу қабілеті 
(адгезиясы) жоғалады. Өспе ошағында анаэробтық және 
аэробтық гликолиз артуынан сутегі иондарының мөлшері 
көбейеді. Бірақ өспе ошағының ыдыраған орталығында Н
+
біршама азаяды. 
Өспе жасушаларының сыртқы беттерінде теріс электр 
дәрменінің мөлшері көтеріледі. Осыдан олар бірімен-бірі 
итерісіп, өзара жақындамай алшақтанып орналасады. 
Өспе жасушалардың митоздық жолмен бөлініп көбеюін 
арттыратын, 
А.Г. 
Гурвич 
сәулесі 
деп 
аталатын, 
ультракүлгін (толқын ұзындығы 190-325 нм) сәуле таратады.
Өспелердің жіктелуі
Қазіргі уақытта өспелерді жіктеу олардың орналасқан 
тінге қатысы және өсу сипаты негіздерінде болады. 
Сондықтан 
морфологиялық 
құрылымы 
бойынша 
дәнекер 
тіндерінің өспелері және эпителий жасушаларының өспелері 
деп ажыратылады. Өспе жасушаларының жетілуіне қарай: 
біртектес және біртекті емес болады. Өсу қасиетіне және 
жылдамдығына қарай: қатерлі және қатерсіз өспелер болып 
бөлінеді. Қатерлі өспелерге эпителий жасушаларының өспесі 
обыр, дәнекер тіндерінің өспесі — саркома (балық еті 
тәрізді өспе) жатады. Қатерсіз өспелер орналасқан тініне 
қарай, сол тіннің атына «ома» деген жалғау қосылып 
аталады. Мәселен, фиброма, остеома, аденома, меланома, 
неврома, ангиома т. б. 
Қатерсіз өспелер айналасындағы тіндерді ығыстырып, 
қысып өседі. Бұндай өсуді 
экспансиялық 
(лат. ехраnsіо — 
қысу, ығыстыру) түрде өсу дейді. Қатерлі өспелер қоршаған 
тіндерді ыдыратып, баса-көктеп тамырын жайып өседі. Бұндай 
өсуді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет