392
жүйкелердің маңызы үлкен. Дистрофиялық үрдіс ежелден обыр
алды
жағдай
деп
есептеледі.
А.
Д.
Сперанскийдің
зертханасында жүйке жүйесінің әр түрлі құрылымдарына
бүліндіргіш әсер еткенде нейрогендік
дистрофия дамитыны
көрсетілді, Содан 15-20% жағдайларда жиі ауыз қуысында
папилломалар дамиды. Өспелердің орналасу орындары ағзаның
жүйкеленуі бұзылыстарымен анықталады.
Егер көкбауырдың
жүйкелерін кесіп, қоянның тамырына Браун-Пирс карцино-
масының жасушаларын енгізсе,
онда бұл өспе көкбауырда
дамитыны
көрсетілді.
Осыған
байланысты
алдын
ала
бүйректің, асқазанның жүйкелерін кескеннен кейін өспе
жасушаларын организмге енгізгенде сол өспе жүйкелері
кесілген ағзаларда дамитыны байқалады.
Шеткері
жүйке
құрылымдарының
ішкі
ағзаларда
хирургиялық өрекеттер кездеріндегі бүліністері өспенің
метастаза таратуында және оның
қайталануында маңызды рөл
атқарады.
Осымен бірге өсіп келе жатқан өспе организмнің жүйке
жүйесінің
жағдайына
үлкен
әсер
етеді.
Аурулардың
психикасы өзгереді, қозу, тежелу үрдістерінің арақатынасы
бұзылады, созылмалы күйзеліс жағдайы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: