387
дәрілермен түсетін нитраттар мен нитриттер асқазанда тұз
қышқылының әсерінен
нитрозаминдерге ауысып, жиі өспе
дамуына
әкеледі.
Содан
диэтилнитрозамин
бауыр
мен
өңештің, метилнитрозомочевина мидың өспесіне әкеледі.
Кейбір канцерогендік заттар тамақтануға пайдаланылатын
өсімдік
табиғатты
заттарда
кездесулері
мүмкін.
Саңырауқұлақтар Aspergillus flavium,
қуатты канцерогендік
қасиеті бар,
афлатоксин
түзеді. Жаңбырлы жылдары жерде
жатып
өсетін
жаңғақтар
(арахис)
осы
саңырауқұлақ
өндіретін
афлаток-синмен
зарарланады.
Сонымен
бірге
жүгері, күріш дәндері де осы аталған майда саңырауқұлақ
өнімімен зарарлануы ықтимал.
Канцерогендік заттар кейбір тағамдарды (шұжық, қазы,
балық т. с. с.) түтінмен ыстаудан,
тағам дайындауда
майларды бірнеше рет қайталап қуырудан, шайды еселеп шоқ
үстінде
ұзақ
қайнатудан
т.с.с.
жағдайлардан
пайда
болулары мүмкін.
Трансплаценталық канцерогенез.
Буаз
егеуқүйрықтардың
денесіне
аз
мөлшердегі
канцерогендік
затты енгізгенде, олардың өздері ауырмай,
олардан
туған
төлдерінің
әртүрлі
ағзаларында
өспе
дамитыны байқалған.
Жүкті әйелдер диэтилстилбестерол (жасампаздық жолмен
алынған фолликулин)
қабылдаса, олардан туған қыздардың
қынабында эпителий жасушыларының обыр өспесі пайда болу
мүмкіншілігі бар екені байқалды.
Осы көрсетілгендерден жүктілік
кезінде әйелдердің
организміне аз мөлшерлерде түскен өспе туындатын химиялық
затгар (мәселен, темекі шегу т. с. с.) бала жолдасы
арқылы
ұрыққа өтіп, әсер етуінен әртүрлі өспелердің жас
балаларда даму мүмкіншіліктері пайда болады.
Канцерогендік заттар ДНК молекуласымен байланысып
жасушалардың гендік ақпаратын өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: