385
кезде сау тіндерде нәруыздардың ыдырауы ұлғаяды. Қатерлі
өспелердің өсуі сау тіндердің бүлінуіне, артық ыдырауына
әкеледі. Осының нәтижесінде пайда болған аммиак бауырда
мочевинаға
айналып
үлгермейді.
Организмдегі
тіндік
нәруыздардың артық ыдырауы кахексияның бір маңызды себебі
болып есептеледі.
Өспе жасушаларымен глюкозаның артық пайдалануынан
организмде
гипогликемия
дамуы
мүмкін.
Бұндай
мүмкіншіліктерге организмде аминқышқылдары мен глицериннен
глюкозаның жаңадан түзілуі немесе глюконеогенездің артуы
қарсы тұрады. Бұл кезде глюкокортикоидтардың әсерінен
глюконеогенездің артуы бұлшықеттерде, лимфалық тіндерде,
тимуста, көкбауырда нәруыздардың ыдырауымен сабақтасады.
Осыған байланысты иммундық қорғаныстық күш әлсірейді.
Бауырда антиоксиданттық ферменттердің (каталазаның т. б.)
және нәруыздардың тузілуі азаяды, май қышқылдарының асқын
тотықтары жиналып қалады. Қанықпаған май қышқыл-дарының
асқын
тотықтарының
мөлшері
көбеюі,
бұлшықеттерде
гликогеннің азаюы өспе дамуының соңғы сатысында еттердің
дистрофиясына
әкеледі.
Лизосомалық
мембраналардың
өткізгіштігі көтеріледі. Бұлшықет жасушаларының нәруыздары
лизосомалардың протеолиздік ферменттерімен ыдыратылады.
Осылардың жиынтығы кахексияның даму негізінде жатады.
Достарыңызбен бөлісу: