386
өспесі пайда болатыны байқалған. Бұл обырдың себебі
пештің күйесі (тас көмір жанғандағы пайда болатын
өнімдер) болады деген пікір айтылды. Осыдан кейін көп
зерттеушілер обыр өспесін жануарлардың терісіне тас көмір
қара майын жағу арқылы тәжірибеде алуға кірісті. Тек,
1918 жылы жапон зерттеушілері Ямагива мен Ишикава осы
жолмен қоянның құлағында тері обырын алды. Осыдан бастап
химиялық канцерогенезді жүйелі түрде зерттеу басталды.
Артынан әртүрлі химиялық заттардың әсерлерінен өспенің
басқа түрлері де дамитыны белгілі болды. Мәселен,
адамдардың кәсібіне қарай (анилинді бояу өндірістерінде
істейтін,
автокөліктердің
жолдарын
қаптайтын
жұмысшылардың араларында) өспе жиірек дамитыны анықталды.
Өспе дамуына әкелетін химиялық заттар канцерогендер
(обыр туындататындар) деп аталады.
Барлық канцерогендер экзогендік және эндогендік болып
бөлінеді. Экзогендік канцерогендерге көптеген (1000-астам)
қосындылар жатады:
●
көп
оралымды
хошиісті
көмірсутектер
(диметилбензантрацен, фенантрен, 3, 4-бензпирен т. б.);
● оралымды аминдер (нафтиламин, бензидин);
●
аминдік
азоқосындылар
(ортоаминоазотолуол,
диметиламиноазобензол);
● бейорганикалық химиялық заттар (хром, қорғасын,
никель, бериллий, мышьяк, кадмий т. б.).
Кейбір канцерогендер енгізілген жеріне қарамай тек
белгілі ағзалар мен тіндерде өспе дамуына әкеледі.
Мәселен, ортоаминоазотолуол және диметиламинобензол тек
бауырда, бензидин немесе β-нафтиламин тек қуықта өспе
дамуына әкеледі. Ал, көп оралымды қөмірсутектер жиі
енгізілген жерінде кез келген тіндердің өспесін шақырады.
Өспе канцерогендік зат организмге түскеннен кейін үзақ
уақыттан кейін дамиды. Обыр алды кезең организм өмірінің
1:3-1:7 үзақтығына теңеледі. Ол адам үшін 12—18 жылға жуық
болады.
Барлық канцерогендік заттар екі үлкен топқа бөлінеді.
Олардың ең үлкен тобы
Достарыңызбен бөлісу: