Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Өспе дамуының этиологиясы



Pdf көрінісі
бет325/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Өспе дамуының этиологиясы.
Р. Вирховтың көзқарасы бойынша, өспенің себебі болып 
жасушалардың 
тым 
артық 
жиі 
тітіркенуі 
есептеледі. 
Тіндердің 
ұзақ
мерзімде 
қайта-қайта 
тым 
қатты 
тітіркеністері жиі өспе дамуына әкелуі мүмкін. Мәселен, 
Үндістанда 
Кашмир 
индустары 
қыздырыну 
үшін 
ішінде 
қыздырылған көмірі бар сары топырақтан жасалған ыдыстарды 
киім астында байлап жүретін болған. Осының нәтижесінде жиі 
қайталанған күйіктерден іш терісінде обыр өспесі дамитыны 
байқалған. Бұл обыр «Кангри обыры» деп аталған. 
Сонымен қатар темекіні түтікпен тартатын адамдардың 
еріндерінде, насыбай ататын адамдардың тілі мен ауыз 
қуысы тіндерінде обыр жиі дамитыны байқалады. Бірақ, 
қазір 
тітіркенулердің 
бәрінде 
бірдей 
өспе 
дамуы 
болмайтыны анықталды. 
Қазіргі көзқарастар бойынша өспе дамуына әртүрлі 
(химиялық, 
физикалық 
және 
биологиялық) 
ықпалдардың 
әсерлері әкелуі мүмкін. 
Өспе дамуындағы химиялық қосындылардың маңызы.
1775 
жылы 
Англияда 
Персивал 
Потт 
«мұржа 
тазалайтындардың» обырын хабарлады: бала күнінен көп 
жылдар түтін шығатын мүржаларды тазалайтын адамдардың ума 
терісінде, санының және құрсағының терілерінде обыр 


386
өспесі пайда болатыны байқалған. Бұл обырдың себебі 
пештің күйесі (тас көмір жанғандағы пайда болатын 
өнімдер) болады деген пікір айтылды. Осыдан кейін көп 
зерттеушілер обыр өспесін жануарлардың терісіне тас көмір 
қара майын жағу арқылы тәжірибеде алуға кірісті. Тек, 
1918 жылы жапон зерттеушілері Ямагива мен Ишикава осы 
жолмен қоянның құлағында тері обырын алды. Осыдан бастап 
химиялық канцерогенезді жүйелі түрде зерттеу басталды. 
Артынан әртүрлі химиялық заттардың әсерлерінен өспенің 
басқа түрлері де дамитыны белгілі болды. Мәселен, 
адамдардың кәсібіне қарай (анилинді бояу өндірістерінде 
істейтін, 
автокөліктердің 
жолдарын 
қаптайтын 
жұмысшылардың араларында) өспе жиірек дамитыны анықталды. 
Өспе дамуына әкелетін химиялық заттар канцерогендер 
(обыр туындататындар) деп аталады. 
Барлық канцерогендер экзогендік және эндогендік болып 
бөлінеді. Экзогендік канцерогендерге көптеген (1000-астам) 
қосындылар жатады:
● 
көп 
оралымды 
хошиісті 
көмірсутектер 
(диметилбензантрацен, фенантрен, 3, 4-бензпирен т. б.); 
● оралымды аминдер (нафтиламин, бензидин); 
● 
аминдік 
азоқосындылар 
(ортоаминоазотолуол, 
диметиламиноазобензол); 
● бейорганикалық химиялық заттар (хром, қорғасын
никель, бериллий, мышьяк, кадмий т. б.). 
Кейбір канцерогендер енгізілген жеріне қарамай тек 
белгілі ағзалар мен тіндерде өспе дамуына әкеледі. 
Мәселен, ортоаминоазотолуол және диметиламинобензол тек 
бауырда, бензидин немесе β-нафтиламин тек қуықта өспе 
дамуына әкеледі. Ал, көп оралымды қөмірсутектер жиі 
енгізілген жерінде кез келген тіндердің өспесін шақырады. 
Өспе канцерогендік зат организмге түскеннен кейін үзақ 
уақыттан кейін дамиды. Обыр алды кезең организм өмірінің 
1:3-1:7 үзақтығына теңеледі. Ол адам үшін 12—18 жылға жуық 
болады. 
Барлық канцерогендік заттар екі үлкен топқа бөлінеді. 
Олардың ең үлкен тобы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет