388
Оларға:
● стероидтық гормондар (эстероген, эстрадиол);
●
холестерин
туындылары
(холестадиендер,
карцинолипиндер);
● амин қышқылдарының (триптофан, тирозин) ыдырау
өнімдері;
● бос радикалдар мен майлардың асқын тотықтары;
● нитроксид (NO) және оның асқын тотығы (перокснитрит-
ONOO
‾
) т. б. жатады. Эндогендік канцерогендік заттар
лейкозбен
ауыратын
сырқаттардың
зәрінде
табылған.
Организмде эндокриндік бездермен гормондар өндірілуінің
бұзылуы өспелердің кейбір түрлерінің дамуына әкеледі. Бұл
өспелер «дисгормондық өспелер» деп аталады. Эстрогендік
гормондар бір жағынан өспе өсуіне күшейткіш (промоторлық)
әсер етсе, екінші жағынан тін жасушаларының тектік
құралдарын өзгертіп, гендерге уытты ықпал етеді.
Эндогендік канцерогендердің ерекшеліктеріне:
● организмнің өзінде өндірілуі;
● өспе туындату әсері әлсіздеу болуы;
● өспе дамуында жасырын кезеңнің ұзақ болуы – жатады.
Достарыңызбен бөлісу: