Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


erb  – эритробластома,  ras



Pdf көрінісі
бет335/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

erb 
– эритробластома, 
ras
– егеуқұйрықтарда болатын саркома
abl
– тышқандардағы Абельсон лейкемиясы, 
myc
– құстардың 
миелоцитоматозы, 
sis 
– маймыл саркомасы, 
fes 
мысық 
саркомасы, 
src –
Раус саркомасы т.с.с. белгіленеді. 
Эпидермистің 
өсу 
факторының 
рецепторы 
erb-B 
протоонкогенімен, 
тирозиндік 
протеинкиназа 
– 
src 
протоонкогенімен, 
G-нәруыздар 
ras 
протоонкогенімен 
қадағаланады. Протоонкогендер 
fos, jun, myc
ядрода 
транскрипциялық факторларды қадағалайды. Бұл қалыпты 
жағдайларда болатын протоонкогендер әртүрлі себептерден 
әсерленіп кетуі ықтимал. Ол мына себептерден болады: 
● нүктелі мутация немесе гендік мутация хромосоманың 
белгілі 
жерінде 
ДНҚ 
молекуласындағы 
нуклеотидтік 
негіздердің орналасу тәртібі өзгеруінен дамиды. Ол 
гендерге уытты ықпал ететін көптеген канцерогендердің 
немесе оттегінің бос радикалдарының әсерлерінен дамиды;
● протоонкоген орналасқан бір хромосоманың локусы 
белсенді гені бар екінші хромосоманың бөлшегіне ауысып 
қонуынан 
(транслокация); 
мәселен, 
Беркитт 
лимфомасы 
кезінде 
8-жүп 
хромосоманың 
протоонкогені 
14-жұп 
хромосомаға ауысады. Онда ол белсенді күшейткіштің 
(промотордың) ықпалында болады. Миелолейкоз кезінде 9-жұп 
хромомосаның ұзын иық бөлшегі 22-жұп хромосомаға ауысады. 
Бұндай хромосоманы Филадельфиялық хромосома дейді; 
● жасушаларда протоонкогендердің көшірмелерінің тым 
көбеіп кетуінен; оны амплификация дейді. 


397
● ДНҚ молекуласының бөлікшелеріне көрші орналасқан 
гендерді әсерлендіретін күшейткіш (промотор) (мәселен, 
өспе туындататын вирустың гені) қосылып кетуінен 
протоонкоген белсенді онкогенге айналады. 
Осыдан жасушаның бөлініп көбеюі артып кетеді. Мәселен, 
қалыптыдан ауытқыған эпидермистің өсу факторының рецепторы 
ұдайы белсенді жағдайда болады да, жасушалардың бөлінуін 
арттыратын жалған хабар жеткізіп тұрады. Қалыптыдан 
ауытқыған G-нәруыздар ГТФ молекуласын ыдырату қабылетінен 
айырылады да, бұл молекула жасуша бөлінуін ұдайы сергітіп 
тұрады. Жасуша ядросында транскрипциялық факторлар көбейіп 
немесе олардың белсенділігі артып кетуінен жасушалардың 
бөлінуін 
сергітетін 
гендердің 
өршіп 
кетуі 
болады.
Онкогендердің 
қадағалауымен 
жасушалардың 
өсіп-өнуін 
арттыратын 
онконәруыздар 
түзіле 
бастайды. 
Осылардың 
нәтижесінде жасушалар бақылаусыз өсіп-өніп кетеді. Бұндай 
жағдай организмнен аластанған тіндерді жасанды жағдайда 
өсіргенде айқын байқалады. Ал, тұтас организмде өспе даму 
үшін тек бір немесе екі онкогеннің әсерленуі әлі 
жеткіліксіз болады. Өйткені қалыпты жағдайда жасушалардың 
бөлініп көбеюін тежейтін нәруыздар бөгеп тұрады. Олардың 
түзілуін қадағайтын гендерді тежегіш (супрессор) гендер 
дейді. Тұтас организмде өспе өсуі үшін осы гендердің 
белсенділігі жоғалып немесе тым қатты азайып кетуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет