Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жасушалардың өсіп-өнуін, бөлініп көбеюін тежейтін



Pdf көрінісі
бет336/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жасушалардың өсіп-өнуін, бөлініп көбеюін тежейтін 
нәруыздардың түзілуін қадағалайтын тежегіш (супрессор) 
гендердің белсенділігі жоғалуы немесе тым қатты азаюы. 
 
Бұндай гендердің болуына мынадай дәлелдер келтіруге 
болады: 
● 
тәжірибеде өспе жасушасын сау жасушамен біріктіріп 
жібергенде өспе дамымайды. Бұл дерек біріншіден, сау 
жасушада жасуша бөлінуін тежейтін фактор болатынын 
көрсетеді; екіншіден, жасуша бөлінуін қадағалайтын онкоген 
гетерозиготтық 
жағдайда 
бәсеңкі 
екенін 
және 
өспе 
жасушасына айналу үшін ол ген гомозиготтық жағдайда болуын 
немесе екі аллельдің бірдей бүлінуі қажеттігін көрсетеді. 
● 
өспе жасушаларында әрдайым хромосомалардың
 
бір 
бөлшегі 
жоғалған 
(делециясы) 
болады. 
Мәселен, 
ретинобластома өспесі кезінде 13-жұп хромосоманың ұзын 
иығында ақау болатыны байқалды. Артынан осы хромосоманың 
иығында ретинобластоманың тежегіш-гені болатыны анықталды. 
Ол генді Rb-гені дейді. 
Тежегіш-гендер 
жасушалардың 
бөлінуін 
әртүрлі 
сатыларында тежейтін нәруыздардың түзілуін қадағалайды. 
Бұл нәруыздарға: 
♣ геномның негізгі тұрақтылығын «қорушысы» - протеин 


398
53 (р53); бұл нәруыз геномның тұрақтылығын қадағалайды 
және ДНҚ молекуласының қайтымсыз бүліністерінде апоптоз 
дамуын жұмылдырады
♣ жасуша бөлінуінің ДНҚ түзілу фазасына енуін (G
1
/ S 
фазаларының аралығында) тежейтін Rb-нәруызы; 
♣ 
циклин-циклинтәуелді 
киназа 
кешенінің 
белсенділігін тежейтін протеин 16 (р16) және протеин 21 
(р21) нәруыздары; 
♣ ішектерде аденоматоздық полипоздар дамуын тежейтін 
Эй-Пи-Си (ағылш. Adenomatosis Poliposis Coli) нәруызы; 
♣ нейрофиброматоз дамуын тежейтін нейрофибромин (NF-
1) нәруызы; 
♣ емшек обыры дамуын тежейтін BRCA-1 (breast cancer- 
емшек обыры) нәруызы т.б. жатады. 
Бұл 
тежегіш 
нәруыздардың 
түзілуін 
қадағалайтын 
гендердің жоғалып кетуінен (делециясынан) олардың болмауы 
онкогендердің өршіп кетуіне, сау жасушаның өспе жасушасына 
айналуына әкеледі. Содан онконәруыздар түзіледі. Олар: 
өсу факторы ретінде
● өсу факторын қабылдайтын рецепторлар ретінде; 
● 
жасушаның 
митоздық 
бөлінуіне 
дабыл 
тарататын 
екіншілік дәнекерлер ретінде; 
● транскрипциялық фактор ретінде әсер етеді. Осыдан 
жасушалардың бақылаусыз өсіп-өніп кетуі байқалады. 
Сау жасушаның өспе жасушасына айналуының келесі бір 
маңызды 
тетігі 
болып 
апоптоз 
дамуының 
бұзылыстыры 
саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет