Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Өспе өсуінің үдеуі (өршуі)



Pdf көрінісі
бет339/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Өспе өсуінің үдеуі (өршуі). 
Өспе жасушаларының тұрақты сапалық өзгеруі және 
үдемелі түрде қатерлі қасиеттерін күшейтуін өспе өсуінің 
үдеуі немесе прогрессиясы дейді. Ол өспе дамуының үшінші 
сатысы. Өспе түйінінің көлемі ғана ұлғайып қоймай, ол 


401
ұдайы сапалық өзгерістерге ұшырайды және өсу дербестілігі
айналасындағы тіндерді ыдыратып өсуі, басқа ағзаларға 
метастаза тарату және қоршаған ортасына бейімделу т.с.с. 
жаңадан қабылдаған қасиеттерін арттыра береді.
Өспе өсуі үдеуінің ең негізгі заңдылығы болып, қатерлі 
өспелерге тән белгілерінің (атипиясы, бақылаусыз өсуі, 
инвазиялық өсуі, метастаза таратуы т. с. с.) бірімен бірі 
байланыспай, әр жасушада өз беттерінше пайда болуы 
есептеледі. Өспе түйіні басында өспе жасушасына айналған 
бір жасушаның туынды (моноклондық) жасушаларынан тұрады. 
Бұл 
жасушалар 
басында 
біркелкі 
даму 
сатыларындағы 
жасушалардың 
өскіндерін 
(клонын) 
құрастырады. 
Өспе 
жасушаларында 
кариотиптің 
көптеген 
өзгерістері 
(анеуплоидия, гиперплоидия), хромосомалардың ауытқулары 
(делециясы, транслокациясы, амплификациясы) және гендердің 
мутациясы байқалады. Өспе ошағында әр түрлі кариотиптері 
бар жасушалар көптеп кездеседі. Осыдан өспе жасушалары әр 
текті болып кетеді. Осындай жағдайды 
геномның тұрақсыздығы
дейді.Ол қалыпты жасушаларда ешқашан болмайды. Геномдық 
тұрақсыздықтан өспе түйінінде әр текті жасушалардың жаңа 
өскіндері пайда болады. Осылай өспе түйіні поликлондық 
жасушалардың жиынтығына айналады. Олар әртүрлі даму 
сатыларында болып, әртүрлі қатерлі қасиеттерге ие болады. 
Организмнің қорғаныстық күштеріне қарсы тұра алатын 
жасушалардың өскіндері іріктеліп, сақталып қалады және 
қатерлі өспе жасушаларының өсіп-өнуі үдеп кетеді.. Өспе 
өсуінің 
үдеу 
түрі 
қоршаған 
ортасына 
байланысты 
болғандықтан алыста орналасқан ағзаға тараған метастазалар 
алғашқы өспе түйінінің қасиеттерінен ерекше сипаттар 
қабылдауы мүмкін. Сондықтан жасушалардың бөлініп-көбеюін 
тежейтін 
дәрі-дәрмектерге 
(цитостатиктерге) 
бұл 
метастазалардың сезімталдығы да әртүрлі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет