Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Апоптоз дамуының бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет337/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
Апоптоз дамуының бұзылыстары. 
Апоптоз – жасушалардың өздерінің тектік ақпараты 
бойынша, бағдарланған түрде, тіршілігін жоюы (толығырақ 
жасуша патофизиологиясын қараңыз).
Апоптоз дамуын тежейтін (bcl-2) және оны сергітетін 
(bax) 
гендердің 
мутациясы 
нәтижелерінде 
жасушалар 
тіршілігін жоғалтпай, ұдайы өсіп-өне береді де, өспе 
жасушасына айналады. Бұл кезде bax генінің белсенділігі 
төмендеп, керісінше, bcl-2 генінің белсенділігі өршіп 
кетуі ықтимал.
Жасушалардың 
апоптозы 
дамуында 
екі 
түрлі 
рецепторлардың маңызы бар. Біріншісі CD95 рецепторы, 
екіншісі өспені жоятын фактордың (TNFR- ағылш. tumor 
necrosis factor receptor) рецепторы. Осы рецепторлармен 
CD95-L, өспені жоятын фактор (TNF) байланысудан жасуша 
ішіне апоптоз дамуына бағытталған хабар жеткізіледі. Бұл 
рецепторлардың өзгерістері де апоптоздың бұзылыстарына 
әкелуі мүмкін. Сонымен бірге р53 нәруызының болмауы да 
апоптоз дамуын жоғалтады (жоғарыдан қараңыз). 


399
Жасушалардың ДНҚ молекуласының бүлінген жерлерінің 
қалпына келу (репарациялық) мүмкіншіліктерінің 
бұзылыстары. 
ДНҚ молекуласы қоршаған ортаның көптеген ықпалдарынан 
күнделікті бүліністерге ұшырап тұрады. Ол бүліністер дер 
кезінде байқалып, жойылып, ДНҚ молекуласы қалыпты жағдайға 
келтіріліп 
тұрады. 
Осы 
жағдайды 
ДНҚ 
молекуласының 
репарациясы деп атайды. Оны қадағалайтын гендер болады. 
Олар ДНҚ молекуласын екі түрлі жолмен қалпына келтіретін 
гендер болып ажыратылады. Біріншісі ДНҚ молекуласының 
бүлінген жерін кесіп алып, оның орнын толтыратын 
(эндонуклеаза, ДНҚ-полимераза, лигаза т.б.) ферменттердің 
түзілуін қадағалайтын гендер, екіншісі ДНҚ молекуласындағы 
жұпталмаған сыңар азоттық негіздерді қалпына келтіретін 
(mismatch repair) гендер делінеді. Бірінші гендердің 
мутациясы нәтижесінде, эндонуклеаза т.б. ферменттерінің 
белсенділігі төмендеуінен, ДНҚ молекуласының бүлінген 
жерлерін кесіп алып жою мүмкіншілігі жоғалады. Содан 
ультракүлгін сәулелердің әсерлерінен теріде обыр өспесі 
дамуына қатер төнеді. Сыңар азоттық негіздердің қалпына 
келтірілуін қадағалайтын гендердің (hMLH1, hPMSI, hMSH2, 
hPMS2) ауытқуларынан аденин, гуанин, тимин және цитозин 
негіздерінің 
байланысу 
қателіктерін 
байқап, 
түзеу 
мүмкіншіліктері 
жоғалады. 
Осыдан 
геномның 
қатты 
тұрақсыздығы байқалады. 
Осы себептерден қоршаған ортаның ықпалдарынан пайда 
болған ДНҚ молекуласының ақаулары және жасуша бөлінуінің 
S-фазасында бұл молекуланың түзілуі кезінде пайда болған 
қателіктерді түзету мүмкіншіліктері қатты азайып кетеді.
бар жасушалар апоптозға ұшырап, жойылмай, өзгерген тектік 
ақпаратымен сақталып қалады. Олар ары қарай өсіп-өніп, 
өзгерген ақпаратын туынды жасушаларға бере береді. Сөйтіп 
өспе жасушасына айналады. 
Өспе 
дамуы 
үшін 
жекелелен 
жасушалардың 
өспе 
жасушасына айналуы (трансформациясы) әлі жеткіліксіз 
болады. 
Бірен-саран 
өспе 
жасушалары 
дер 
кезінде 
организмнің қорғаныстық күштерімен жойылып отырады. Өспе 
дамуы үшін бұл жасушалардың қарқынды өсіп-өніп, көбеюі 
және алғашқы өспе түйінінің пайда болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет