Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет344/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Бастапқы сатысы: 
♣ айналымдағы қан көлемінің азаюымен
♣ қарапайым гиповолемиямен; 
♣ артериялық қысымның төмендеуімен; 
♣ циркуляциялық гипоксияның басымдығымен сипатталады 
Икемделістік сатысысында,
жоғалған қанның салдарларын 
аластауға 
бағытталған, 
организмнің 
қуатты 
қорғану-
бейімделу мүмкіншіліктері қосылады. Олар жедел және баяу 
дамитын 
болып 
ажыратылады. 
Жедел 
дамитын 
икемделу 
жолдарына мыналарды жатқызуға болады: 
♣ бүлінген тамыр қабырғаларының тромбпен бітелуін; 
♣ симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан шеткері қан 
тамырларының жиырылуын, қанның жиналған қорларынан қан 
тамырларына шығуы белгілі мөлшерде айналымдағы қанның 
көлемін ұлғайтуға және бар қанның басымы тіршілікке 
маңызды ағзаларға (ми, жүрек) бағытталады. Бұндай жағдайды 
қанайналымының орталықтануы
деп атайды; 
♣ 
жүрек 
соғуының 
рефлекстік 
жиілеуін, 
жүрек 
қарыншаларындағы қанның қалдық көлемінің азаюын; 
♣ қан тамырларына жасуша-аралық сұйықтың түсуін;
♣ тыныс алудың рефлекстік түрде тереңдеуі мен 
жиілеуін; 
♣ айналымдағы қан көлемін ұлғайтуға бағытталған 
ренин-ангиотензин-әлдостерон-вазопрессин 
жүйесінің 
белсенділігі артуын (34-сызбанұсқаны қараңыз). 
Баяу дамитын икемделістік серпілістер
қан өндірілу 
және 
оның 
нәруыздарының 
қалпына 
келу 
түрлерінде 
қансыраудың соңғы сатыларында байқалады. Бұл кезде қанда 
ретикулоциттердің саны қан кетуден 5 тәулітен соң 
көбейеді. 
Ол 
сүйек 
кемігінде 
қан 
өндірілуінің 
эритропоетиннің әсерінен артуын көрсетеді. Эритропоетин 
эритроциттердің өндірілуін реттейтін зат. Ол бүйректе 
өндірілетін, молекулалық 
массасы 40 000—70 000 Д 
гликопротеид. Бүйрек аурулары кездерінде бауыр мен 
көкбауырда өндірілуі мүмкін. Эритропоетиннің өндірілуін 
бүйректе оттегінің жетіспеушілігі және сүт қышқылының 
көбеюі 
сергітеді. 
Эритропоетин 
сүйек 
кемігіндегі 
эритробластардың бөлінуін және, олардың гендік құралдарына 
әсер ету арқылы, гемоглобин генінің түзілу жылдамдығын 
күшейтеді. 


409
Қанның нәруыздық құрамы қан кеткеннен кейін 8-10 
күннен соң қалпына келеді. Ол алдымен тіндегі нәруыздардың 
қанға түсуімен (2-3-күндері), соңынан бауырда олардың 
түзілуі күшеюімен байланысты дамиды. 
Икемделістік серпілістердің жеткіліксіздігі кезінде, 
сонымен қатар қан кету көп мөлшерде, тез болғанда және 
оған қолайсыз жағдайлардың әсерлері болған кезде, дер 
кезінде емдік шаралардың қолданылмағанында қан кетудің 
үшінші соңғы ақтық (терминалдық) сатысы дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет